Сенбі күні таңертең Ретро-саябақта серуендеп жүргенде Жилгородок-Авангард бағытындағы көлік көпірінің жанынан скейтерлер, bmxсерлер және урбанистік мәдениеттің басқа да кейіпкерлерінің бейнесі салынған граффитидің пайда болғанын байқадым. Содан кейін қолдарында балғалары бар жұмысшыларға және өткен қыста сырғанақ болған бос алаңқайға жаңадан орнатылған трамплиндерге көзім түсті.
Көшедегі бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға арналған әмбебап кешен паркі жобасының инвесторы - кәсіпкер Ерлан ТАБЫЛДИЕВ, ал құрылыс салуды «Каз Тех Сервис» компаниясы өз мойнына алған.
Жалпы, бақ 2 кезеңмен салынады. Бірінші кезеңде, скейт-алаң мен стритбол алаңын (мини-баскетбол) жасайды, екінші кезеңде - төзімді резіңкеленген кір тастарымен, арқандармен, зілтемірлер және белтемірлермен жарақталған толыққанды кроссфит алаңы салынады. Қазақстанда мұндай алаңның баламасы жоқ.
Күмән тудырған жалғыз нәрсе - трамплиндердің беткі қабаты. Ол ағаштан жасалған, фанер тақтасы сияқты. Күзгі-қысқы мезгілде ылғалданып кетпей ме екен? Текке алаңдаппын. Жоба авторларының айтуынша, трамплиндердің беті фин фанерінен жасалған, ылғалға төзімді және ұзақ уақыт қызмет етеді. Оның үстіне, ол да, бүкіл урбан-алаңдағы бетон қабаттардың бәрі де ылғал өткізбейтін бояумен сырланады.
Айтпақшы, кроссфит аймағын тек белгіленген төлемақыға ғана пайдалануға болады (300 теңгеден сәл артық), бірақ мұндай шара бүкіл урбан-алаңда бақылау камералары мен күзетшілер болатындықтан енгізіледі.
Құрылыс алаңынан самокаттарымен жүрген бірнеше баланы байқап, жоба туралы олар не ойлайды екен деп тілдеспек болдым.
- Осы скейт-бақты асыға күтіп жүрміз, тезірек ашылса екен! Ол біздің үмітімізді ақтайды деп сенеміз, - дейді балалар әсерлене.
Анастасия Алюшина
Суреттерді түсірген автор