Атырау, 24 қараша 04:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша

3 064 просмотра


ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына баға шегін көтерді. Атап айтсақ, Атырау ЖЭО өндіретін энергияның бір киловатт-сағатының шекті бағасы 1 қазаннан бастап 6,06-дан 6,82 теңгеге дейін көтерілді. АЖЭО үшін 6,06 теңге жақында ғана, 2019 жылдың 1 қаңтарында бекітілген еді. Ал бұған дейін баға бірнеше жыл бойы 7,3 теңге деңгейінде тұрды. Ол кейін сол кездегі Президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін азайтылған болатын.

«АЖ» «Атырау энергосату» директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВАДАН түсініктеме сұрады:

- Енді сіздердің монополияға қарсы органға тұтынушылар үшін тарифті көтеру туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар. Бұл құқықты қолданасыздар ма?

- Жыл әлі аяқталмады. Қазір электр энергиясының тарифін көтеру туралы мәселе қойылып отырған жоқ. Біз әлі өтініш жасамадық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қазан 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.