Атырау облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкерінің өз еріктерімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазғандары белгілі болды.
«Олармен денсаулық сақтау басқармасының, министрліктің және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізуде. Олар қазір жұмыс орындарында. Біз дәрігерлермен диалог орнатуға жұмыстанып жатырмыз. Олардың әрқайсысы күн сайын адам өмірі үшін күресіп жүрген маман», - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан ЕРМЕНТАЕВ.