Атырау, 24 қараша 03:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау көшелерінің бірі енді капитан Каримовтың есімімен аталады

2 433 просмотра


Беларуссиядағы Щомыслицкий орта мектебінің оқушылары 70 жыл бойы жерлесіміз, Гурьев уезінің Жилая Коса поселкесінің тумасы, капитан Адгам КАРИМОВТЫ құрметпен еске алып, қабіріне күтім жасап келеді.

Мектепте капитан Каримовтың рухына арналған музей бөлмесі бар.

Ол 1939 жылы 22 жасында Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Әскерде жүрген кезінде, содан кейін соғыс кезінде өзін үлгілі сарбаз және батыл жауынгер ретінде көрсетті. Ржевско-Вяземский плацдармындағы кескілескен шайқаста 5 күн ішінде - 1943 жылдың 2 және 5 наурызы аралығында Адгам Каримовқа екі рет: аға лейтенант, содан кейін капитан әскери атағы берілді. Неміс басқыншыларына қарсы ұрыста командирдің жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және сол уақытта көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Капитан Каримов 1944 жылы 7 шілдеде небәрі 28 жасында ерлікпен қаза тапты. Бабовозовщина деревнясының түбіндегі шайқаста қол пулеметімен және гранатамен қаруланған капитан Каримов 25 адамнан тұратын дұшпандар тобын қару-жарақтар қоймасынан ығыстырып шығарып, олардан 10 адамның көзін жояды. Оның өзі осы шайқаста қаза тауып, Минск ауданының Волковичи деревнясының зиратына офицерлік құрметпен жерленген. 2018 жылдың ақпанында Беларус Республикасының Щомыслицкий ауылдық атқару комитеті Волковичи деревнясының бір көшесіне оның есімін беру туралы шешім қабылдады. Өз отаны Қазақстанда қалалық, облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялар да осындай жұмыстар жүргізіп, Атырау қаласының Самал ықшамауданындағы №12 көшеге капитан Адгам Каримовтың есімі берілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2019, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.