Атырау сервис колледжінде бұрыш қолбаллонын бүркіген студентке қатысты қылмыстық іс «қылмыс құрамының болмауына байланысты» тоқтатылды.
Естеріңізге салсақ, осы жылдың 23 мамырында сервис колледжінің 17 жастағы студенті оқу орнының ғимаратында бұрыш баллонын бүркіп, нәтижесінде 20 студент ауруханаға түскен еді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
- Сотқа дейінгі тергеу органы қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт қаңғыбас иттерден қорғану үшін қол баллонын алып жүрген екен. Ал колледжде баспалдақтан құлап, баллон абайсызда бүркілген.
Фархат ӘБІЛОВ