Атырау, 28 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды

3 530 просмотра


Мұнайлы астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін кезекте 87 956 өтініш тіркелген. Бүгінде жер қалаға қарасты Атырау, Ақсай, Көкарна, Водников, Жаңаталап, Тасқала, Дамбы ауылдық округтары аумағынан 1999-2004 жылдары өтініштер жазған азаматтарға беріліп жатыр. Бұл туралы брифингте қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. Сондай-ақ ескі қаладағы үйлерді сүру туралы да әңгіме болды.

Әкімдік деректері бойынша, 2018 жылы 887 жер учаскісі берілсе, биыл 165 жер учаске берілген. Қараша айынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2005 жылы кезекке тұрған 2572 адамға жер беру басталады. 

Ескі қаланың аумағындағы үйлерді бұзу 12 кезеңге бөлінген. Бұл 2029 жылға дейін созылады. Бірінші кезең бойынша 18,1 гектар аумақтағы үйлерді сүру жұмыстары 2017 жылы басталған. Бұл жерден 262 нысан бұзылады. 171 нысанның иелеріне мемлекеттен 4 млрд. 845 млн. 408 мың теңге өтемақы төленген.

Қазір екінші кезеңге дайындық жұмыстары басталды. Биыл 8 тамызда Есенов, Ырыс, Пушкин, Гагарин, Молдағұлова, Нысанбаев көшелеріндегі және Бейбарыс даңғылы бойындағы жалпы ауданы 17,6 га жер учаскесін мемлекетке қайтару жөнінде қала әкімінің қаулысы шықты. Бүгінде бұл жөнінде осы аумаққа кіретін барлық тұрғындар хабардар етілді.

Әсем ЖОЛДЫБАЕВА        


4 қазан 2019, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.