Атырау, 25 желтоқсан 02:20
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Қаржы полициясы Атырау облысындағы ұрлық фактілері бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады Басқа жаңалықтар

Қаржы полициясы Атырау облысындағы ұрлық фактілері бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады

Бүгін, 16 қарашада Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі Атырау облысындағы бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 16 қараша 2012, 15:19 2 455 рет қаралды
Абай мектебі ұзақ күттірді Қоғам

Абай мектебі ұзақ күттірді

Доссор поселкесіндегі Абай атындағы орта мектебі өткен жылдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетіндіктен жабылып қалғалы жүз шақты оқушы Қанатбаев атындағы орта мектепке барып жүр. Ол да Доссорда, бірақ, оған теміржол және құбыр желісі бойымен 3 шақырым жаяу жүріп жету балаларға өте қиын. 31 қазан 2012, 17:57 3 476 рет қаралды
Хаттарыңдағыдай керемет емес Саясат

Хаттарыңдағыдай керемет емес

Атырау облысының әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы баяндады 14 қыркүйекте Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ аудандар бойынша танысу сапарының қорытындысын және президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВПЕН кездесуі туралы сөз қозғау үшін облыс активін жинады. 18 қыркүйек 2012, 17:45 4 581 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Балауса ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан 23 тамызда түнгі сағат 3-те денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар 33 жастағы Өзбекстан азаматының мүрдесі табылды. Марқұмды өлтірді деп күдіктелген 32 жастағы отандасымыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ – болат арматура тәркіленді. 30 тамыз 2012, 00:40 2 185 рет қаралды
Қаржы полициясы: іс қозғалды Басқа жаңалықтар

Қаржы полициясы: іс қозғалды

2012 жылғы 21 тамызда қаржы полициясы органдарымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексеріс материалдары бойынша Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларымен коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру туралы шешім қабылдау және оларды төмендетілген бағамен сату кезінде мемлекетке айтарлықтай залал келтірген лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.     28 тамыз 2012, 13:25 2 958 рет қаралды
Өткен күннен бір белгі Басқа жаңалықтар

Өткен күннен бір белгі

Биылғы жылдың маусымында біз облыстағы мұнай кеніштері бойынша сапар ұйымдастырып, мазут төгілген біршама аумақты анықтаған едік («АЖ» №25, 14 маусым 2012 жыл, «Туған жердің лайланды-ау тұнығы»). Бұл қалдықтар не болмақ? Осы сұраққа жауап алу үшін «АЖ» «“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ-на хабарласқан едік. 1 тамыз 2012, 21:16 4 602 рет қаралды
Тұйыққа тірелу Қоғам

Тұйыққа тірелу

Мемлекеттің қолға алып жатқан шараларына қарамастан, жұмыссыздық проблемасы өзекті боп қалуда. Әсіресе бұл негізінен бір жобадан екіншісіне ауысып жататын және жұмыс берушінің салғырттығымен жиі ұшырасып қалатын біліктілігі аз жастары бар ауылдарда өткір мәселеге айналған. 18 шілде 2012, 21:28 3 230 рет қаралды
"Кротты" қолданса қиы-ын Басқа жаңалықтар

"Кротты" қолданса қиы-ын

Өткен аптаның ішінде «Атырау су Арнасы» КМК салынып жатқан екі нысан бойынша: Бірінші учаскедегі алғашқы қондырғы - су тартатын сорғы стансасы және «Береке» ауылындағы №5 сүзгіш стансасымен журналистерді таныстыру сапарын ұйымдастырды. Екі нысанды да қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «АзияМаркет» ЖШС салып жатыр. 27 маусым 2012, 21:08 3 475 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жаңа бас жоспар керек

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Айдос ДӘУКІШЕВ жергілікті бюджеттен  Атырау және Құлсары қалаларының, Жаңа Қаратон, Махамбет, Миялы, Сағыз, Ганюшкин және Аққыстау поселкелерінің бас құрылыс жоспарын жасақтауға 245 млн теңге сұрады. 30 мамыр 2012, 17:09 2 329 рет қаралды
Мақатқа жаңа әкім келді Басқа жаңалықтар

Мақатқа жаңа әкім келді

23 мамырда Мақат ауданының әкімі Қилымғали ҚАЙНЕНОВ лауазымды орнынан босатылды. Оның орнына «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы, 46 жастағы Амангелді БАРАҚАТОВ (суретте) тағайындалды. 30 мамыр 2012, 17:43 3 106 рет қаралды
Мақаттағы сапасыз құрылысқа кім жауапты? Басқа жаңалықтар

Мақаттағы сапасыз құрылысқа кім жауапты?

Аудандағы жаңадан салынған объектілер сапасы сын көтермейді. Текке кеткен есіл ақша. Мақат ауданындағы 2008 жылы пайдаланылуға берілген 250 орындық мектеп-интернат, 2010 жылғы 424 орындық мектеп, 2011 жылғы 250 адамды қабылдайтын емхананың сапасы сыр бере бастады.  Қыруар қаржы жұмсалған аталған объектілер сапасыз болып шықты. 16 мамыр 2012, 21:19 4 573 рет қаралды
Моноқала - маңызды мәселе Басқа жаңалықтар

Моноқала - маңызды мәселе

28 наурызда өткен облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ облыс бюджетіне республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың алғашқы 5,6 млрд теңге трансферті түскенін хабарлады. 4 сәуір 2012, 18:46 3 459 рет қаралды
Шыдамның шегі Қоғам

Шыдамның шегі

Иесіз ауылдан репортаж 14 наурызда Байшонас поселкесінің 200-дей тұрғыны екі апта бойына су мен жылудың жоқтығына наразылықтарын білдіру үшін селолық округ әкімі кеңсесінің алдына жиналды («Жайық самалының» 15 наурыздағы №11 санын қараңыздар - «Байшонас бұрқ етті»). Ал 16 наурыздан бастап жергілікті мектепте тұрғындармен билік, прокуратура және «Ембімұнайгаз» ӨФ өкілдері кездесті. 21 наурыз 2012, 14:43 3 547 рет қаралды
Байшонас қыс құрсауында қалды Басқа жаңалықтар

Байшонас қыс құрсауында қалды

Мақат ауданындағы Байшонас ауылының  тұрғындары үшін Доссор поселкесіне барып келу құны адам  басына 2000 теңгеге дейін шарықтады. Екі метрге жететін қар үйінділері арқылы өтетін жол жайы күн жылынғанда одан әрі қиындай түсетін сыңайлы. 14 наурыз 2012, 17:53 4 755 рет қаралды
Бүгінгі бағам - ертеңге қадам Экономика

Бүгінгі бағам - ертеңге қадам

Неліктен Ауыл шаруашылығы министрлігі «АтырауБалықты» қаржыландыруды тоқтатты және жергілікті билік Жаңаөзендегі оқиғадан қандай сабақ алды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ 2011 жыл ішіндегі өз есебінде мәлімдеді. 29 ақпан 2012, 18:55 2 454 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Күртікке көмілген көліктер

15 ақпанда Жылыой ауданында Доссор – Құлсары - Бейнеу автокөлік жолының 15 шақырымында 5 автокөлік қарға батып қалған. Ол көліктерде барлығы  25 адам болды. Көмекке облыстық ТЖ аудандық бөлімшесі келді. Автокөліктер жолдың қардан тазартылған бөлігіне шығарылып, одан әрі өз бағыты бойынша жол сапарларын жалғастырды. 23 ақпан 2012, 14:12 2 179 рет қаралды