Атырау, 25 қараша 00:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәслихат сайлауы: "Нұр Отан" мүшелері жеңіске жетті

2 240 просмотра

Кеше үш сайлау округінде Атырау облысында мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Округтік сайлау комиссиясы алдын-ала қорытындылар жасады.

№13 сайлау округі бойынша (Мақат ауданы, Мақат және Доссор поселкелері) Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлады. Осы учаскеде 9609 адам дауыс берді (барлығы 11302 сайлаушы тіркелді). Сайлау бюллетеніне үш депутаттың кандидатурасы енгізілген. Ол бойынша дауыс саны төмендегіше бөлінді:

Ерсайын ИХСАНОВ, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, «Нұр отан» ХДП мүшесі - 7975 дауыс;

Әнуарбек ҚУАНЫШЕВ, «Каспийнефть» АҚ бас механигі, партияда жоқ– 815;

Шалқар СЕРІКБАЕВ, «Капитал» ЖШС жабдықтау бөлімінің бастығы,партияда жоқ– 788.

№2сайлау округі бойынша(Махамбетауданы, Махамбетселосы) 1218 адам дауыс берді(барлығы 1370сайлаушы тіркелді).Сайлау бюллетеніне енгізілген аудандық мәслихат депутаттығына үш үміткер бойынша дауыс төмендегіше бөлінді:

Абат ҚАБЕНОВ, Махамбет Балалар мен Жасөспірімдер спорт мектебі ММ директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі - 664 дауыс;

Равиль ЖҰМАЛИЕВ,«Жұмалиев А. С.» ЖК заңгері, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы ҚБ мүшесі - 375;

Мұхтар ОЖАЕВ, «Қазақтелеком» АҚ АТБ директоры, партияда жоқ– 171.

№9 сайлау округі бойынша (Исатайауданы, Жамбайселосы)1277адам дауыс берді (барлық тіркелгендер- 1409). Аудандық мәслихат депутаттығына үш үміткер бойынша дауыс төмендегіше бөлінді:

Дәрмен ТӨРЕҒАЛИЕВ, «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ бастығы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі - 853 дауыс;

Қуандық САРИЕВ, «Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры,партияда жоқ - 205;

Айгөлек ҚАНАТБАЕВА, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі, партияда жоқ - 181.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әнуарбек ТӘШЕНОВТІҢ айтуынша, сайлаудың ақырғы қорытындысы БАҚ-да бейсенбіде, 1 қарашада жарияланатын болады. Оның айтуынша, бюллетеньдерге тіркелген депутаттардың кандидатуралары енгізілген. Сайлаушы өзі дауыс беретін үміткердің фамилиясының оң жағына кез-келген белгі қояды. Екі немесе одан да көп белгі қойылса жарамсыз деп есептеледі.

Сайлаушылардың «барлығына қарсы» дауыс беруге құқығы жоқ.

- «Барлығына қарсы» бағаны 2004 жылы сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңындағы өзгерістерге байланысты алынып тасталды, - деді Тәшенов.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 қазан 2012, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.