
«Әділет» партиясының депутаттары энергия үнемдеу мәселесіне қатысты түзетулер әзірлеп жатыр. Ұлттық энергия үнемдеу орталығының бағалауынша, бюджеттік мекемелер шығындарын 11 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік бар.
«Әділет» партиясының хабарлауынша, министрліктер мен бизнес өкілдерімен өткен кездесуде екі заң жобасы талқыланды. Депутат Арман Қалықовтың айтуынша, олардың бірі энергия тұтыну мониторингін 5 мыңнан астам нысанға, соның ішінде мектептерге, ауруханалар мен балабақшаларға кеңейтуді көздейді. Сондай-ақ ғимараттар салу және мемлекеттік сатып алу кезінде энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды қайта қарау ұсынылып отыр.
Ұлттық энергия үнемдеу орталығы 20 мың мемлекеттік мекемеге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қол жеткізуге болатын үнем көлемін бағалаған. 11 млрд теңгені қандай мерзім ішінде үнемдеуге болатыны хабарламада нақтыланбаған.
Партияның мәліметінше, кездесу барысында қатысушылар бизнес өкілдері жарықтандыру жүйесін ауыстыру немесе жылыту жүйесін жаңарту шығындарын өз есебінен өтеп, кейін салған қаражатын коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды үнемдеу арқылы қайтаруға мүмкіндік беретін тетікті де талқылаған. Бұл тәсіл арқылы қанша қаражат үнемдеуге болатынын өңірлердегі жекелеген мектептердің мысалында тексеру ұсынылды.
В Атырау +2.6