
Өнеркәсіп министрлігі қазақстандық құрылыс материалдарының пайдаланылуына цифрлық бақылау енгізуді жоспарлап отыр. Ведомство бұл арқылы қандай мәселені шешкісі келетінін түсіндірді.
Құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаевтың Құрылтайдағы Үкімет сағатында хабарлауынша, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі деректер құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде – жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейін ескерілетін болады. Министрдің айтуынша, бұл отандық материалдарды негізсіз импорттық өнімдерге ауыстыруға жол бермеуі тиіс.
Министрліктің мәліметінше, тізілімде 2,7 мыңнан астам өндіруші мен тауардың шамамен 84 мың түрі тіркелген. Цифрлық бақылау ең алдымен қандай құрылыс нысандарын қамтитыны ведомствода нақтыланбады.
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында министрлік құрылыс материалдарына деген сұранысты да бағалауды жоспарлап отыр. Талдау қорытындысы бойынша ведомство қандай материалдар өндірісі үшін жаңа кәсіпорындар қажет екенін анықтамақ.
В Атырау +2.6