Атырау, 23 қараша 23:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Доссор сусыз қалды

2 780 просмотра

Мақат ауданындағы “Шапағат” мөлтек ауданындағылар ауыз су жүйесі қатып қалып сусыз қалды. Су тасушы көліктер қардың кесірінен үйлерге бара алмай отыр.

Бұл жайлы «Шапағат» мөлтек ауданы тұрғындары атынан Гүлшат ОРАЗОВА хабарлады.

-Бұдан бір ай бұрын ауыз су линиясы қатып қалды. Содан бері баклашка арқалап, үй, үйді аралап жүргеніміз. Құдығы барлар  водовозбен су құйдыртайын десе күртік қардан ауласына көлік кіргізе алмай отыр,-дейді тұрғын Г. Оразова.

Аудандық әкімдіктегілер көшелерді қардан аршығанымен үйілген қарды тасымалдау енді жүретінін жеткізді.

Ал «Атыраусуарнасы» КМК-ның бастығы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ айтуынша бұлар поселкеге дейінгі (су қазанын толтырады. - Л. Қ.) суға жауапты, қалғаны «Доссоржылу» ЖШС-нің құзырында көрінеді.

-«Шапағат» мөлтек ауданындағы он алты үйдің ауыз су құбырының қатып қалғаны рас. Негізі поселкедегі 24 шақырым ауыз су құбыры әбден ескірген, 50-55 жылдан бері жаңартылмаған. Су тасымалдау водовозы бізде жоқ, жекеменшік кәсіпкерлер төрт тонна суды екі мың теңгеге құйып отыр. Ал қатқан құбырларды көктем шықпай қалыпқа келтіре алмаймыз,-дейді «Доссоржылу» ЖШС бастығы Болат БЕРНИЯЗОВ.

Оның айтуынша, күн жылынғанша  тұрғындар суды тасып немесе дүкеннен сатып ішеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 ақпан 2012, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.