Атырау, 9 желтоқсан 21:14
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

"Кротты" қолданса қиы-ын

3 343 просмотра

Өткен аптаның ішінде «Атырау су Арнасы» КМК салынып жатқан екі нысан бойынша: Бірінші учаскедегі алғашқы қондырғы - су тартатын сорғы стансасы және «Береке» ауылындағы №5 сүзгіш стансасымен журналистерді таныстыру сапарын ұйымдастырды. Екі нысанды да қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «АзияМаркет» ЖШС салып жатыр.

ЖЫРТЫҚТЫ ЖАМАҒАННАН ПАЙДА ЖОҚ

Кәсіпорын штатына баспасөз хатшысы болып Александр ПАСТУХОВ келгелі БАҚ-на деген көзқарасы өзгерген «АСА» бастығы Андрей ТАШЛЫКОВ (суретте) журналисттерді өзі бастап жүрді. Ол өзінің шаруашылығын бес саусақтай біледі.

Бірінші учаскедегі су тазарту қондырғысында бүгінгі күні 1939 жылы салынған ескі сорғы стансасының орнына жаңа станса салынып жатыр. Құрылыстың құны– 406 млн теңге, оның бір бөлігі республикалық бюджет есебінен бөлінді.

- Үнемі ескінің жыртығын жамап отырғаннан оны бұзып тастаған оңай еді,- дейді А.Ташлыков. – Жаңа станса энергияны жинақтаушы технология бойынша жұмыс істейтін болады, әрқайсысының қуаты 6 мың текше болатын неміс өндірісінен шығарылған 5 насоспен жарақтанған. Бірінші су тартқыштың өндірістік өнімділігі тәулігіне 156 мың текше болады. Бұл станса Жайықтан су жинау үшін керек, осы жерден су тұндырғышқа және сүзгіш стансасына жіберіледі, оның да 3-уі ескірген. Оларды тіпті қайта салу керек. Осы жерде қаланы, қала маңындағы елді мекендер мен Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін орталық су тазарту қондырғысы орналасқан. Ал, №5 сүзгіш станса «Береке» ауылының аумағында болашақта қаланың солтүстік бағытқа қарай өсетіндігі ескеріліп салынуда. 

- Тұрғындарды сумен қамту өзекті мәселеге айналып отырған Мақат поселкесіндегі жағдай қалай?

-  Қазір Мақаттан шағым түсіп жатқан жоқ. Жаңадан су құбыры тартылды және Ескене, Доссор, Мақатта резервуарлары бар үш су тартатын сорғы стансасы жүргізілді. Біз Мақаттың суға деген сұранысының 3-3,5 мың текше болғанына қарамастан  оларға тәулік сайын 10 мың текше су беріп отырмыз.

- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ газ-химиялық кешен құрылысына келген сапары кезінде оны сіздердің су құбырларыңызға қосу жөнінде әңгіме қозғалды. Олай ету мүмкін бе?

- Иә, біз хат алдық. Олар тәулік сайын 1,5 мың текше сұрайды. Проблема жоқ. Біздің бүгінгі күнгі қуаттылығымыз тәулігіне 120 мың текше, ал сол кезде қаладағы сұраныс 50 мың текшені құрайды, жазғы кезеңде суару есебімен 70-ке дейін барады.

«Береке» ауылындағы №5 сүзгіш стансасына келетін болсақ, монополист таза ауыз суды өндіруді 50 мың текшеге дейін арттыруға болатындығын және ол Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы судың тапшылығын жабады деп уәде етіп отыр. Нысанның құрылысы 2008 жылы басталды, оны іске қосу алдағы күзде деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биліктегілер бұл ауданнан жеке тұрғын үй салу үшін 10 мың жер учаскесін беруді көздеп отыр. Ал, «Самұрық-Қазына» бірнеше мыңдаған пәтерлері бар толық бір ықшам ауданның құрылысына қаржы бөлмек.

"Береке" ауылындағы №5 жаңа сүзгі стансасыЕСЕПТЕГІШ СОТҚА АПАРАДЫ

Андрей Ташлыковпен болған әңгімеде кәсіпорынның есептегіш құралдарды үйді-үйге міндетті түрде енгізуге дайындалып жатқандығы белгілі болды: – Бүгінгі күні бізде 3 мыңдай абоненттер – заңды тұлғалар болса, 76 мың жеке тұлғалар бар. Орташа алғанда отбасында 3-4 адамнан болатынын ескерсек, іс жүзінде абоненттердің саны 260 мыңнан асады. Оның үстіне тіркелген абоненттердің 25%  пайызының есептегіш құралдары жоқ. Ауыз суды егін суаруға, құрылыс жұмыстарына пайдаланатындығын сіз жақсы білесіз, пәтерлермен үйлер жалға беріледі, ал оларда тіпті, 10-15 адамнан тұрады. Әрине, адамдарға есептегіш қондырғаннан тұтыну нормасы бойынша төлеген тиімді. Мен қашанда суды қалай болса солай пайдалансын, мейлі ол бақшасын суарсын, басқаға қолдансын, не болғанда да есептегіш құралы болсын деп айтып келемін. Біз тұрғындарға түсінік беру науқанын ұзақ уақыт жүргіздік, оның ішінде біздің қызметтеріміздің төлем түбіртектері  бойынша есептегішерді орнату қажеттілігін көрсеттік. Енді біздер қатаң  шаралар алатын боламыз.

- Қандай шара аласыздар?

- 2011 жылы 26 қыркүйекте ҚР Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік НОКИН бекіткен әдістемеде тайға таңба басқандай былай деп жазылған, егер есептегішті орнатуға кедергі келтірген жағдайда су құбырлары кесіліп тасталады.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесіне сәйкес, тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде - бөгет болған сәттен бастап қызмет көрсетушінің өкілі пломбалағанға дейін есептеу құралы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі.

Тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргені туралы қызмет көрсетушінің өкілі тиісті акті жасайды, оған екі тарап қол қояды.

 

ЖАҢА АМАЛДЫ ҚОЛДАНАДЫ

Қатаң шара су ақысын төлемейтіндер үшін де қауіп төндіріп тұр. Осыдан екі ай бұрын қалалық әкімдікте өткен мәжілістердің бірінде астаналық коммуналшылардың қолдана бастаған өте бір «керемет» әсер ету тәсілі туралы айтылған еді. Борышкерлердің тарс жабық есіктерінің алдын торуылдап шаршаған олар енді арнаулы «Крот» қондырғысының көмегімен борышкердің пәтерінде канализацияны жауып тастайды. Канализациядағының бәрі пәтерге кері оралады. Әдетте, қарыздың бәрі сол сағатта-ақ, өтеледі.

- Жеке секторларда  пәтерлерге қарағанда оңай. Біз суды тоқтатып тастай аламыз. Ал, пәтерлерге келетін болсақ, қиындау. Біздер тіпті, учаскелік инспектормен де бардық, бәрібір есіктерін ашпайды! «Атырау-Жарық» үшін борышкерлерден қарызын алу қиын емес, бір-екі желіні қиып тастаса жарап жатыр. Сондықтан да қазір біздің адамдарымыз оқып жатыр және шамамен шілдеден бастап бізде «Крот» қондырғысын іске қосып көреміз. Баспасөзді міндетті түрде шақырамыз!- деп «қуантты» Ташлыков.

 Лаура СУЛЕЙМЕНОВА,

Суретті түсірген автор

27 маусым 2012, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.