Атырау, 19 сәуір 21:39
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қылмыс хроникасы

1 969 просмотра

Балауса ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан 23 тамызда түнгі сағат 3-те денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар 33 жастағы Өзбекстан азаматының мүрдесі табылды. Марқұмды өлтірді деп күдіктелген 32 жастағы отандасымыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ – болат арматура тәркіленді.

***

Өткен аптада криминалдық полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларында «Стелс» велосипедтерін ұрлап машықтанған Атырау қаласының 17 және 14 жастағы тұрғындарын ұстады. Қолхатпен босатылған ұрыларға Атырау ықшамауданындағы, Нәжімеденов пен Тайманов көшелеріндегі бірнеше криминалдық эпизодтар бойынша істер қозғалмақ.

***

24 тамызда 17 сағат 35 минутта Исатай ауданының Аққыстау поселкесінде есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 15 грамм марихуана тапқан. Есірткі сату бойынша күдіктелген тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

24 тамызда сағат 18-де Құрманғазы көшесінің бойында ВАЗ-21703 автокөлігін тексеру кезінде 15 келі бекіре еті табылды. Автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі ұсталды.

***

25 тамызда 14 сағат 50 минутта Әлиев көшесінің бойындағы көпірмен көтеріліп келе жатқан «Фольксваген-Гольф» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі 12 жасар баланы қағып кеткен. Бала алынған зақым салдарынан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

***

26 тамыз күні түнгі сағат 1-де Азаттық даңғылы бойындағы кафелердің бірінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері астыртын покер клубын анықтады. Ұстау кезінде клубта 2 дилер, 2 даяшы, күзетші және 12 ойыншы болған. Олардан 2,5 мың теңгеге ойын фишкалары, ойын карталары және 81 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленіп алынды. 28 жастағы талдықорғандық аға дилер ұсталды.

***

26 тамызда 18 сағат 30 минутта «Опель-Омега» автокөлігінің жүргізушісі Сатыбалдиев көшесімен өтіп бара жатып, Алмагүл ықшамауданынан 36 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

27 тамызға қараған түні Доссор поселкесінен шығып бара жатқанда «Гелиос» жанар-жағармай бекетінде 24 жастағы жергілікті тұрғын тұраққа қойылған «Мерседес» жүк көлігінің кабинасына кіріп, жүргізушінің әмиянынан 45 мың теңге суырып алған. Тергеу жүргізілуде.

30 тамыз 2012, 00:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.