Атырау, 27 желтоқсан 00:33
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қаржы полициясы: іс қозғалды

2 857 просмотра

2012 жылғы 21 тамызда қаржы полициясы органдарымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексеріс материалдары бойынша Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларымен коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру туралы шешім қабылдау және оларды төмендетілген бағамен сату кезінде мемлекетке айтарлықтай залал келтірген лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.   

Ағымдағы жылғы 23 және 24 тамыз күндері Атырау облысының Қызылқоға ауданында газ құбырын салуға бөлінген жалпы соммасы 3,5 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Оған қоса 28 тамызда «Атырау-Доссор» топтық су құбырын салу бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде 2 млрд 850 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істерді тергеу барысында аталған қылмыстарды жасауға Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен газ құбырын салу бойынша мердігерлік жұмыстарды атқарған ұйымдардың басшыларының қатыстылығы тексерілуде.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Дереккөз: finpol.kz

28 тамыз 2012, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.