Атырау, 28 қараша 01:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бүгінгі бағам - ертеңге қадам

2 323 просмотра

Неліктен Ауыл шаруашылығы министрлігі «АтырауБалықты» қаржыландыруды тоқтатты және жергілікті билік Жаңаөзендегі оқиғадан қандай сабақ алды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ 2011 жыл ішіндегі өз есебінде мәлімдеді.

Брежнев дәуіріндегідей бәрі бақылауға алынған

Бұл жолы әкім есебі күшейтілген қауіпсіздік шараларымен өткізілді.

Белгісіз зейнеткердің тосыннан сөз алғанын қоспағанда («Ақсақал әкімді абыржытты» мақаласын қараңыз), зал іші бақылауда болды. Әкімдіктегі жастар тобы қошеметпен қол шапалақтап, басшыларының сөзін әлденеше рет бөлді. Оларға басқа жұртшылық та еріксіз қосылды. Әкімнен кейін бірден сөз алған мәжілісмен Асхат БЕКЕНОВТІҢ облыстың жетіс-тіктері туралы ақпараттан хабардар болуы тосын жайт емес.  Бұл жолы оған ардагерлер атынан  Мәдина ҒАБДЫСАЛИМОВА алғыс айтты. Зал ортасынан орын алған қариялар арасынан, әдеттегіше, брежневтік дәуірдегі облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы Есен ТАСҚЫНБАЕВ ерекшеленді.

 

Біз триллиондап береміз, олар миллиардтар бөледі

2011 жылы республика бюджетіне және Ұлттық қорға облыстан 2 трлн теңге салық пен төлемдер түсті (2010 жылға қарағанда 51%-ға көп), бұл әкім атап өткендей, бүкіл республикалық бюджеттің 40%-ын құрайды екен.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5 жыл ішінде 3 есеге өсіп, 4,2 трлн теңгеден асты. 2011 жылы 30,2 млн тонна мұнай мен 13,6 млрд текше метр ілеспе газ өндірілді. Облысқа 1,6 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.

Елдің жалпы ішкі өніміндегі Атырау облысының үлесі 13% құрады. Ал жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша әр тұрғынға шаққанда Қазақстан бойынша біз бірінші орындамыз – әр атыраулыққа 39 мың доллардан келеді (әр тұрғынға шаққанда орташа қазақстандық жалпы ішкі өнім- 11 300 доллар– Л. С.).

– Біз азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермейміз, оны ұстап тұру үшін бүгінде барлық шаралар алынуда. Аймақтағы инфляция деңгейі орташа республикалық көрсет-кіштен төмен. Ол 7,4% құрайды, – деп атап өтті Рысқалиев.

Әкім, сондай-ақ, биылғы жылдың басында республикалық бюджеттен бөлінген 16 млрд теңгеге қосымша тағы 12 млрд бөлінгенін хабарлады.

– Соның арқасында 2012-2013 жылға жоспарланған көптеген жобаларды биылғы жылы мерзімінен бұрын жүзеге асырмақпыз.

 

Өзекті мәселе туралы

Шағын және орта бизнес.Рысқалиевтің айтуынша, атыраулық шағын және орта бизнестің өндіріп жатқан өнім көлемі өткен жылы 414 млрд теңге құраған. Облыста 27 мың кәсіпкер белсенді жұмыс істейді, ал осы секторға жұмысқа орналасқандар саны 88 мың адам құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы. Әкім экономиканың аграрлық секторын дамытуға енді қомақты қаржы бөлінетінін атап өтті. 2012 жылға жоспарланған 10 млрд теңгенің 60%-ы жергілікті бюджеттен бөлінетін болады. Өткен жылғы ауыл шаруашылығындағы жетістіктердің ішінен әкім сыйымдылығы 16,8 мың тонна болатын5 көкөніс қоймасының, 10 үлкен жылыжайдың құрылысын және «Жайық Балық» үшін кемелер мен жабдықтардың сатып алынуын атап өтті. Оның айтуынша, облыстағы ауыл шаруашылығы қызметкерлері 2011 жылы 31,8 млрд теңге өнім өндірген.

Бүгінгі күні облыста құны 12-15 млрд теңге болатын ірі бизнес-жобалар жасақталып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «ҚазАгроФинанспен» келісімге қол жеткізілген. Ол, сондай-ақ, егер бұрын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне шағын несиеге мемлекет 200 млн теңге бөлген болса, биылғы жылы бұл сома 700-900 млн теңгеге дейін өсетінін хабарлады.

– Бұл сома ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін 1 000 адамға жеткілікті, әрбір адамға 1-2  млн теңгеден келеді,– деп атап өтті әкім.

«АтырауБалық».

– Кәсіпорын ұлт меншігіне қайтарылғаннан кейін үкімет қажетті қаржы бөлді. Бұған балық шаурашылығын қалпына келтіру ұйғарылған еді, – деді әкім. – Алайда бүгінгі күні бекіре тұқымдас балықтарды аулауға қатысты монополияға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жобаны тиімсіз деп танып, қаржыландыруды тоқтатты. Біздің тарапымыздан ешқандай кемшіліктер жоқ. Облыстық бюджеттен қажетті қаржылар бөлінді, барлық алынған міндеттемелер орындалды. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі бізді инвесторлар тауып, осы шаруашылықты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен бірлесіп қалпына келтіруді міндеттеп отыр. Алдыңғы екі жыл бойына флот пен жабдықтар сатып алуға әжептәуір қаржы бөлінді. Қазір «АтырауБалық» корпорацияға беріліп, инвесторларға іздеу жүргізіліп жатыр. Бұл – тиімді жоба. Ең алдымен, осы салада жұмыс істейтін жергі-лікті кәсіпкерлер өз ұсыныстарын енгізулері тиіс. Осы жобаға қатысқысы келетін-дер үшін жол ашық. Бұл сіздер үшін үлкен мүмкіндік, сондықтан пайдаланып қалыңыздар. Егер пайдаланбайтын болсаңыздар, инвесторларды басқа жақтан тартатын боламыз. 3-4 компания қызығушылық танытып отыр. Қазір зауытты жаңарту жұмыстары қалып отыр, оларды жалғастыру керек.

Әлеуметтік қорғау. Енді жетімдер, интернат түлектері аудандарға жіберілетін болады.

– Жыл аяғына дейін оларға барлық жағдай жасалған 130 пәтер бөлінеді. Олардың өздері жұмысқа, балалары балабақшаларға орналастырылатын болады, - деді Рысқалиев. Содан соң әлі де жалғасып жатқан дағдарыстың салдарынан жетім студенттердің, аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан, мүмкіндіктері шектеулі студенттердің оқу ақысын төлеу жөніндегі 4 жылдық бағдарламаның жалғастырылатынын айтты.

Биылғы жылы 2000 студентке көмек берілетін болады.

 

Жаңаөзен – жанымызда

Әкім Рысқалиев Жаңаөзендегі оқиға туралы да айтып өтті.

– Бұл оқиға бізді көп нәрсені ойлануға мәжбүр етті. Қазір мәслихат депутаттары мен тұрғындардан Құлсары, Мақат, Доссор және Аққыстау секілді елді мекендерге баса назар аудару жөнінде көптеген өтініштер түсіп жатыр. Осы оқиғаға дейін аталмыш елді мекендерде инфрақұрылымды жөндеу, олардың тұрғындарының тіршілік ету жағдайын жақсарту жұмыстары басталды, бірақ проблемалар әлі де бар. Өткен аптада мен ол туралыпремьер министр Кәрім МӘСІМОВКЕ баяндадым.  Осынау өзекті мәселелердің барлығы таяу уақытта «Самұрық Қазына» төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ және«ҚазМұнайГаз» президенті Ләззат ҚИЫНОВТЫҢ Атырауға келетін жұмыс сапары кезінде талқыланатын болады.

Лаура Сүлейменова

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

29 ақпан 2012, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.