Атырау, 24 қараша 12:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мақатқа жаңа әкім келді

2 928 просмотра

23 мамырда Мақат ауданының әкімі Қилымғали ҚАЙНЕНОВ лауазымды орнынан босатылды. Оның орнына «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы, 46 жастағы Амангелді БАРАҚАТОВ (суретте) тағайындалды.

Жаңа әкім әжептәуір қызмет тізіміне қарамастан (атап айтқанда, 2007-2008 жылдары сол Мақат ауданына басшылық етті), ол жұртшылыққа Астрахан облысындағы Бөкей ханның мазарын салуға демеушілік көрсеткен кәсіпкер және ірі меценат ретінде кеңінен танымал.

Бұрынғы әкім Қайненов Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы боп тағайындалды. Ол әкім боп тұрған кезде бұрыннан да келеңсіз Мақат ауданы коммуналдық және әлеуметтік проблемалардың ошағына айналды. Атап айтсақ, бұлар Доссордағы күкіртке қатысты мәселе (АЖ» №19, 12 мамыр 2011 жылғы санын қараңыз – «Олар поезды тоқтатты») және суыққа тоңған аудан орталығы («АЖ» №9, 3 наурыз 2011 жыл – «Биліктің басын «қатырған» сала», «АЖ» №44, 3 қараша 2011 жыл«Мақат пен Доссор қыстан жылусыз қалай шығады?»), сондай-ақ, Байшонас поселкесіндегі сыни жағдайлар («АЖ №10, 8 наурыз 2012 жыл – «Депутаттық дабыл», «АЖ» №12, 22 наурыз 2012 жыл – «Шыдамның шегі»).

Пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардағы ақаулар туралы таяуда жарық көрген жарияланымнан («АЖ» №20, 15 мамыр 2012 жыл – «Мақаттағы сапасыз құрылысқа кім жауапты?») кейін облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ Мақат ауданына барып, бір ай уақыт ішінде кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Бәлкім, көптеген республикалық БАҚ-тарға тарап кеткен осы жарияланым жаңа аудан әкімін таныстырып, оған және жергілікті активке барлық өзекті мәселелерді сипаттау үшін Мақатқа ат басын тіреген аймақ басшысының шыдамы шегіне жеткен шығар.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

30 мамыр 2012, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.