Атырау, 24 қараша 06:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Моноқала - маңызды мәселе

3 304 просмотра

28 наурызда өткен облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ облыс бюджетіне республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың алғашқы 5,6 млрд теңге трансферті түскенін хабарлады.

Бұл соманың көп бөлігі бөлініп үлгерген. 2 млрд 573 млн теңге тұрғын үй құрылысына, 650 млн теңге – инженерлік тораптарға, 1 млрд – Индер ауданындағы канализациялық-тазарту стансасының құрылысына, 545 млн – жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыссыздарды қайта оқытуға, 75 млн – кәсіптік-техникалық лицейлердің материалдық базасын дамытуға, 34 млн – баспана сатып алуға және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жіберілген 13 жас ветеринардың көтерме ақыларын төлеуге жұмсалатын болады. 250 млн теңге моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Құлсары қаласының инфрақұрылымына бөлініпті.

Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ жыл ішінде тағы 10 млрд теңгеге республикалық трансферт алынатынын хабарлады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасына келер болсақ, онда қазіргі уақытта Қазақстанның 27 моноқаласының тізіміне жалпы саны 1,5 млн адам болатын  Құлсары қаласы енген. Облыстық әкімдік тізімге Мақат, Доссор және Аққыстау поселкелерін де енгізуді ұсынады. Бұл оларды дамытуға қосымша трансферттер тартуға мүмкіндік берер еді.

Монопрофильді қала – қала құрушы кәсіпорынға тәуелді және дағдарыс жағдайында біртіндеп құлдырауға көшетін елді мекендер. Үкіметтің басты мақсаты инвестициялық игі климатты құру және шағын және орта бизнесті көтеру боп табылады. Бұл жерде біріншіден индустрияландыру картасы пайдаланылатын болады. Әрбір моноқалада біреуден кем емес ірі жоба жүзеге асырылуы тиіс. Қала құратын кәсіпорындар қызмет көрсететін, көмекші кәсіпорындар мен бизнес-инкубаторлар құруға міндеттейді. Ал «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» мен «Қолжетімді баспана» бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыру моноқаладағы халықтың ірі қалаларға ағылуын азайтуы тиіс.

Президент биылғы жылдың шілдесіне дейін моноқалаларды дамыту бағдарламасын  жасақтауға нұсқау берді. Облыстық әкімдіктің Мақат, Доссор және Аққыстау поселкелерін тізімге енгізу туралы үкіметпен келіссөзге келуге әлі уақыты бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 сәуір 2012, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.