Атырау, 27 шілде 08:01
 ашықВ Атырау +28
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Күртікке көмілген көліктер

2 013 просмотра

15 ақпанда Жылыой ауданында Доссор – Құлсары - Бейнеу автокөлік жолының 15 шақырымында 5 автокөлік қарға батып қалған. Ол көліктерде барлығы  25 адам болды. Көмекке облыстық ТЖ аудандық бөлімшесі келді. Автокөліктер жолдың қардан тазартылған бөлігіне шығарылып, одан әрі өз бағыты бойынша жол сапарларын жалғастырды.

16 ақпан күні Атырау-Ақтөбе автокөлік жолының Мақаттан 15 шақырымдай тұсында күртік қарға 5 автокөлік кептеліп қалған, ол көліктердегі адамдар саны -8. Сол күні тағы да Мақат ауданының 27 шақырымында Доссор-Байшонас автокөлік жолында 8 көлік, ал, одан 3 шақырымдай жерде тағы да 5 көлік батып қалған. «Батыс аймақтық аэромобильді құтқару отряды» ММ, аудандық ТЖ, «Интергаз-Орталық-Азия» АҚ және «ДоссорМұнайгаз» МГӨБ көмегімен барлық көліктер адамдарымен қоса, қар құрсауынан босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 ақпан 2012, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.