14 қараша күні таңертең Атырау-Доссор трассасында кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ВАЗ-21114 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Доссор поселкесінің 36 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Mitsubishi L200 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. ВАЗ жүргізушісі (Атырау қаласының тұрғыны) мен оның Қызылқоға ауданының Сағыз селосының 22 жастағы тұрғыны алған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды. Екінші көлік жүргізушісі көптеген зақыммен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суреттерді оқиға куәгерлері жіберді