Атырау, 24 қараша 06:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қамданған қапы қалмайды

3 070 просмотра

Индер ауданындағы Елтай селосының кіре берісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қар суының әлегі біліне бастады. Мақат пен Индер аудандарының  су жайылған ауылдары дабыл ұрып жатыр.

МАҚАТ

Доссор поселкесінің «Шапағат» мөлтек ауданының тұрғындары қардың молдығынан еріген су үйлерінің жертөлелеріне дейін кіріп кеткендері жөнінде дабыл түсірді. Байшонаста да осындай жағдай. Доссор-Байшонас ауылдарының арасында батып қалған машиналарды құтқару да жүруде. Аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын ИСМАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, шу шығаратындай дәнеңе жоқ.

- 7 су сору насосы әкелініп, ауданға таратылған.Жағдай ойдағыдай,- деп хабарлады ол

ИНДЕР

Аудан  әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВТІҢмәлімдеуінше, қардың күрт еруінің салдарынан Көктоғай, Бөдене, Есбол, Елтай, Аққала ауылдарында топан судың ортасында қалған көшелер жеткілікті. Облыстан 20 су соратын насос алынып, таратылып берілген. Кейбір ауылдарға көлікпен кірудің өзі машақат болып тұр.

ИСАТАЙ

Жанбай, Забурын елді мекендерін су тасқыны болған жағдайда  аман сақтау үшін көлемі 9 км280метрболатын бөгеттерді  қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Мади ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, 1500 дана қап, 700 дана қамыс плиталары, насостар мен ваккумдар алынып, ал техникамен «Жайықмұнайгаз» мекемесі көмектеспекші.

ҚЫЗЫЛҚОҒА

Қызылқоға ауданының әкімі Сырым РЫСҚАЛИЕВМұғалжар тауынан келетін өр суы күткендегідей емес екендігін жеткізді. Үш жылдан бері құрғап жатқан Ойылға мол су келмейтіндігін жабығыңқы түрде жеткізген әкім қуаңшылықтан қорқатынын жасырмады.

ЖЫЛЫОЙ

Жылыой ауданынаналынған ақпарға қарағанда, қар суымен толатын Жем өзеніне Ақтөбеден келетін су мөлшері былтырғымен салыстырғанда 50 пайыз көп болуы мүмкін. Жемнің бойындағы Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Тұрғызба елді мекендерін тасқыннан сақтап қалудың шаралары алынған.Аудан әкімі Рахметолла НҰҒЫМАНОВТЫҢ айтуынша, Бақашы бөгетін топырақпен тоқтатпаса болмайды.  Өр суы арқылы ластанған Қамыскөлді толтыру, Құрсай өзегінің бойын тазартуға көп қаржы керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 сәуір 2012, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.