Атырау, 21 желтоқсан 17:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оқиға

Ұрылар мен алыпсатарлар Оқиға

Ұрылар мен алыпсатарлар

Полицейлер Атырауда Жеңіс саябағы мен «Көктем» базары маңындағы дренаж жүйесінің металл торларын ұрлаумен айналысқан жергілікті екі тұрғынды ұстады. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде осы фактілерге назар аударғаннан кейін ғана бұл қылмыстың беті ашылды. 39 темір тор тәркіленді, оларды ұрылар металл сынығын қабылдау қосындарына тапсырып үлгерген екен. Сурет 26 сәуір 2019, 11:02 3 472 рет қаралды
Адам ұрлап, құн талап еткен Оқиға

Адам ұрлап, құн талап еткен

Әлеуметтік желілерде ҰҚКД арнайы жасағы қызметкерлерінің Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында үш ер адамды шалшыққа етпетінен жатқызып, күштеп ұстағаны түсірілген бейнежазба тарап кеткен. «АЖ»-ға белгілі болғандай, бұлар  еш шімірікпестен адам ұрлап, құн талап етіп жүрген«салафизм» діни ағымын ұстанушылар екен. Бейнежазба 24 сәуір 2019, 14:07 4 972 рет қаралды
188 миллионға жалтарушы және жалған ақшалар Оқиға

188 миллионға жалтарушы және жалған ақшалар

Атырау облыстық экономикалық тергеу департаменті осы жылдың бірінші тоқсанында 25 қылмыстық іс қозғады. Оның 17-сі - ауыр қылмыстар. 1 млрд 178 млн теңге көлемінде зиян анықталды, оның 1 млрд 177 млн  теңгесі бюджетке өтелді. Бұл туралы департаменттің профилактикалық жұмыстар басқармасының басшысы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ хабарлады. 22 сәуір 2019, 17:54 6 280 рет қаралды
Таза мақаттық кісі өлтіру Оқиға

Таза мақаттық кісі өлтіру

Әлеуметтік желілерде сұмдық бейнежазба таралуда. Көліктердің жанында тұрған ер адамға бір қара киімді кісі жақындап, шолақ мылтықтан оқ атып, қашып кетеді. Бұл оқиға Атыраудағы Привокзальный ықшамауданында болған. Толықтырылды Бейнежазба 18 сәуір 2019, 20:17 7 855 рет қаралды
Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген Оқиға

Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген

9 сәуірде Атырауда жауыздықпен кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Атырау облыстық Полиция департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп, аса ауыр қылмысты ашты. Ұсталған күдіктілер (олар төртеу болған) мүрдені көмген жерді көрсетті. 12 сәуір 2019, 12:09 5 291 рет қаралды
Айнаға таласқан бойжеткендер Оқиға

Айнаға таласқан бойжеткендер

Атырау облысында 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында 111 қылмыс жасалды, оның 102-сі облыс орталығында орын алған. Қылмыстық хроника бойынша ұрлық (74) көш бастап тұр, алаяқтық (9), бұзақылық (8). ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша үш іс қозғалған. Заңгерлер ұсақ бұзақылық деп бағалаған оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған болатын. Атырауда «BAIZAAR» ОСО түсірілген бейнежазбада ерегескен екі бойжеткен жұлқысып жатыр. Ал жанжал түкке тұрғысыз нәрседен басталған екен. Бейнежазба 2 сәуір 2019, 20:35 3 272 рет қаралды
Әкімнің бұрынғы орынбасары Сайлауова тергеу абақтысына қамалды Оқиға

Әкімнің бұрынғы орынбасары Сайлауова тергеу абақтысына қамалды

«AЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ол бес мектеп-интернаттың асханаларына жиһаз жеткізу туралы келісім жасасқаны үшін ЖШС-лердің бірінен 5,1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 5,1 миллион – бұл келісімшарт сомасының 15 пайызы (34,1 миллион). 26 наурыз 2019, 14:20 5 326 рет қаралды
Өлген адамның үкімі Оқиға

Өлген адамның үкімі

Осы жылдың қаңтар айында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, өзге мүлікті заңсыз иемденіп алу және т.б. қатысты айыпталған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИ мен тағы 6 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Жақында облыстық сот алқасы қорғанушы тараптың апелляциялық шағымдарын қарап шығып, оларды қанағаттандырмады. Бұдан басқа, сырттай сотталғандардың бірінің соттан көп уақыт бұрын о дүниелік болғаны да анықталды. 24 наурыз 2019, 15:22 4 114 рет қаралды
Полицейлердің қарымтасы ма? Оқиға

Полицейлердің қарымтасы ма?

Жаңа 2019 жыл Атыраудың күш құрылымдары үшін сырт қарағанда әдеттегідей көрінетін эпизодтан басталды. Бірақ іс жүзінде ол қатардағы жағдай болмай шықты. 2 қаңтарда сағат 03:53-те Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысында арнайы 4 көлікпен полиция қызметкерлері Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Өмірбек НӘЖІМОВ жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатады. Нәжімов мұнайлы астананың полицейлерімен жақсы «таныс»: бұрын оның тікелей қатысуымен Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ж.Қайралапов, көші-қон полициясының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Мәукенов және полицияның жоғары шенді басқа да қызметкерлері ұсталған болатын. Сурет 23 наурыз 2019, 00:00 4 407 рет қаралды
Таңғы төбелес Оқиға

Таңғы төбелес

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 10 наурызда таңертеңгі сағат 8-де Атырауда «Sky Bar» клубының жанында он шақты ер адам жаппай төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, төбелес клубта басталып, кейін көшеге шығып жалғастырған. Полиция шақырылып, бұзақыларды қалалық ішкі істер бөліміне алып кетеді. Бағына қарай, ешкім ауыр зақым алған жоқ. 16 наурыз 2019, 11:24 2 664 рет қаралды
Қазаншының еркінде қайда есірткі салса да Оқиға

Қазаншының еркінде қайда есірткі салса да

Атырауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасының барысында мектептердің біріндегі жылу қазандығының ғимаратында есірткі сақтаған қазаншы ұсталды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 4 наурыз 2019, 17:15 3 422 рет қаралды
Атырауда түнгі қарақшылар ұсталды Оқиға

Атырауда түнгі қарақшылар ұсталды

14 ақпанға қараған түні 102 пультіне Атырау қаласы Азаттық даңғылында тұратын әйел қоңырау шалып, пәтеріне кірген төрт бейтаныс еркек пышақпен қорқытып, телефоны мен бар ақшасын алып кеткенін хабарлады. 19 ақпан 2019, 19:42 4 170 рет қаралды
Ескі "Уралмен" балық ұрлап ұсталды Оқиға

Ескі "Уралмен" балық ұрлап ұсталды

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп жүргізген рейд барысында нөмірі жоқ ескі екі «Урал» мотоциклін тоқтатты. Тексеру кезінде олардан 102 келі заңсыз ауланған қара балық табылды. 18 ақпан 2019, 15:46 3 060 рет қаралды
Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр Оқиға

Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр

Атырауда Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсанында қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Іс ҚР ҚК-тің 328-бабы (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша жүріп жатыр. 10 ақпан 2019, 13:09 4 109 рет қаралды
Жасөспірімдер бұзақылық та, қарақшылық та жасайды Оқиға

Жасөспірімдер бұзақылық та, қарақшылық та жасайды

Жақында әлеуметтік желіде Түркістанның жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларын қорлап, күш көрсетіп жатқан бейнежазба тараған еді. Полиция қатысушыларды анықтап жатқанда, желілерде тағы да Түркістаннан жасөспірімдерді топ болып ұрып-соғып жатқан жаңа бейнежазба пайда болды. «AЖ» Атырау облысындағы жасөспірімдер қылмысына қатысты мәселелер туралы сұрастырды. 5 ақпан 2019, 10:23 5 465 рет қаралды
Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған Оқиға

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған

26 қаңтарда күндіз Атырау қаласындағы Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағында зорлықпен өлтіру белгілері - көкірек қуысында түйрелген-кесілген жарақаттары бар жамылғыға оралған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұдан басқа, бейшара әйелдің бетінің жартысы ойық және оң аяғының табаны жоқ. Шамасы, өлгеннен кейін жабайы аңдар ауыз салғанға ұқсайды. Толықтырылды 28 қаңтар 2019, 10:01 8 541 рет қаралды
Мәскеуден қайтқан уылдырық Оқиға

Мәскеуден қайтқан уылдырық

РФ ФҚҚ шекара басқармасының қызметкерлері Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Қараөзек" өткізу бекетінде 100 келі бекіре уылдырығын өткізушіні ұстады. Мәскеуден Атырауға (!) бағыт алған уылдырықтың нарықтағы құны - 6 млн рубль (35 млн теңге). Бейнежазба 26 қаңтар 2019, 22:04 2 759 рет қаралды
Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соққан кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпталып отырған облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. 23 қаңтар 2019, 18:07 3 978 рет қаралды
Аялдама мен моншадағы кісі өлімі Оқиға

Аялдама мен моншадағы кісі өлімі

14-21 қаңтар аралығында Атырау облысында 111 қылмыс жасалды, оның 95-і мұнайлы астанада болған. Ұрлық (66), алаяқтық (12) және тонау (7) қылмыстары көш бастап тұр. Құлсары қаласында жергілікті тұрғын АІІБ-не зорлау қылмысы жасалғанын мәлімдеген, қылмыстық іс қозғалды. 22 қаңтар 2019, 15:47 3 174 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау облысының Исатай аудандық соты осы жылдың 6 қаңтарында өзімен бірге тұратын анасына тіл тигізген Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Мұның бірінші рет еместігін ескеріп, сот оған 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. 17 қаңтар 2019, 16:21 3 421 рет қаралды
5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды Оқиға

5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды

№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан. 10 қаңтар 2019, 16:31 4 212 рет қаралды
Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті Оқиға

Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті

Атырау қалалық №2 соты балық браконьерлігімен айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарап, қазақстандық тәжірибеде сирек кездесетін шешім шығарды: сотталушының екеуін толық, қалған үшеуін ішінара ақтап шықты. 5 қаңтар 2019, 13:46 3 639 рет қаралды