Атырау, 5 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Көлік ұрлап, полицей көлігіне соқты

4 415 рет қаралды


Жыл басынан бері «102» пультіне жол-көлік оқиғасы туралы 2546 қоңырау түскен, деп хабарлайды полиция.

- Жыл басынан бері облыста 117 ірі жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде 24 адам қаза болып, 168 адам жарақат алды, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Бүгінде облыста 164 мыңнан астам автокөлік есепте тұр.

Жақында Индер аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік мас күйде жүргізуі) бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Осы 8 маусымда ол мас күйінде дүкеннің жанында тұрған бөгде адамның көлігін ұрлап, қуғыннан қашып жүріп, полиция көлігімен соқтығысқан.

Индерлік кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

21 маусым 2019, 20:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.