Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мәдениет

Атыраулық трио Голландияда концерт берді Мәдениет

Атыраулық трио Голландияда концерт берді

Атырауда сегіз жылдан бері прима қобыз, фортепиано және валторна музыкалық аспаптарынан құралған ерекше трио жұмыс істейді. Ол әлі ресми түрде тіркелмегенмен өз тыңдармандары бар топқа айналды. Арасында  валторна аспабында ойнайтын музыкант «Теңізшевройл» компаниясында құрылыс жөніндегі инженері голландиялық  Ник ТОМАС бар. Жақында ол өз әріптестерімен бірге сол бір қызғалдақтар еліне барып көңілдерге көктем әуенін ұялатқан классикаға толы концерт беріп келді. 11 мамыр 2011, 21:10 5 287 рет қаралды
Үздік театр ұжымы анықталды Мәдениет

Үздік театр ұжымы анықталды

Сәуірдің 27-сі мен 29-ы күні аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шынайы шымылдық» атты драма ұжымдарының байқауы болып өтті. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген бұл байқауда халықтық атағы бар сегіз театр және «халықтық» атағынан үміткер үш театр ұжымы, сондай-ақ, «Кең Жылыой» мәдениет үйі жанындағы оркестр өнерлерін көрсетті. 4 мамыр 2011, 14:46 8 350 рет қаралды
Мәдениет

Киноконцерт залын желтоқсанда тапсырылады

Халықаралық әуежай жолының сол жағында салынып жатқан 1200 орынға  есептелген киноконцертзалы  пайдалануға үстіміздегі жылдың аяғында берілмекші және ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ибрагим ӘМІРОВ хабарлады. 27 сәуір 2011, 19:45 3 283 рет қаралды
Мәдениет

Гастрольдік сапар басталды

Облыстың өнерпаздар ұжымы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған алғашқы гастрольдік сапарын Құрманғазы ауданынан бастап отыр. Облыстың мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізу шарасы - «Тәуелсіздік нұрландырған Атырау» деп аталды. 20 сәуір 2011, 21:27 4 080 рет қаралды
Белгілі әнші Жанна ОРЫНБАСАРОВА: «Джазды жаным қалайды» Мәдениет

Белгілі әнші Жанна ОРЫНБАСАРОВА: «Джазды жаным қалайды»

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанна Орынбасарова сәуірдің 24-і күні Атырауда жеке концерт бермек. Алғашқы рет ол мұндай жеке концертін 2007 жылы Алматыдағы республика сарайында өткізген еді. Біз әншінің өнер жолындағы жаңалығын бөліспек үшін одан телефон арқылы сұхбат алған болатынбыз. 20 сәуір 2011, 21:24 8 187 рет қаралды
Гауһар ҚАБИЕВА: «Өмірде де, өнерде де ойнап жүрміз» Мәдениет

Гауһар ҚАБИЕВА: «Өмірде де, өнерде де ойнап жүрміз»

Облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актрисасы Гауһар ҚАБИЕВА биыл «Жыл актрисасы» атанды. Бұл атақ актрисаның «Итальянша үйлену», «Сыйланбаған сезім», «Супер келін», «Әй, қыздар-ай», «Сыған серенадасы» секілді өзге де спектакльдердегі басты және қосалқы рөлдерді тапқырлықпен сомдап шыққан шеберлігі үшін берілді. «АЖ» тілшісі театр әлемін бағындыра білген дарынды актрисамен жақынырақ танысуға тырысты. 7 сәуір 2011, 16:17 6 827 рет қаралды
Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын» Мәдениет

Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын»

Таяу күндері қазақстандық «X-Factor» телешоуынан біздің жерлесіміз, «Атырау» Сауда орталығының маркетологы  Руслан Бердиматов «ұшып кетті». Руслан «АЖ» редакциясына біздің қаламыздың тұрғындарына алғысын білдіру үшін келіпті. 30 наурыз 2011, 22:01 3 653 рет қаралды
Атырау драма театры үш тілде сөйлейді Мәдениет

Атырау драма театры үш тілде сөйлейді

Соңғы кездері елімізде театрларды жекешелендіру туралы әңгіме тарап еді. Әрине, бұл жаңалықтың театрға жаны ашитын азаматтар мен театр саласында жүрген өнер өкілдеріне жайсыз тигені рас. Біз осы да өзге мәселелерге қатысты сауалдарды облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының директоры Берік ЖӘМЕНОВКЕ жолдап көрдік. 30 наурыз 2011, 22:11 13 307 рет қаралды
Мәдениет

Атыраулық актерлар алғыс хат алды

Наурыздың 27-сі күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының жас әртістері халықаралық театр күніне арналған мерекелік кеш өткізді. Олар театрдың ардагер әртістеріне ерекше құрмет көрсетуге тырысты. Әрқайсысын бөлек атап, сахнаға шақырды, көрермен залына жайғастырды. 30 наурыз 2011, 17:12 6 606 рет қаралды
Өнері де, өмірі де өнеге Мәдениет

Өнері де, өмірі де өнеге

Наурыздың 25-сі күні шебер күйші, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияров тірі болса 65 жасқа толар еді. Дәл осы күні өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында былтыр ғана, маусымның 6-сы күні өмірден озған өнер иесінің туғанына 65 жыл толуына арналған «Өнері де, өмірі де өнеге» атты концерт өткізілген болатын. 30 наурыз 2011, 17:28 9 387 рет қаралды
Белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан МАХАМБЕТ: «Сән театрын ашсам деп едім» Мәдениет

Белгілі суретші-сценограф Гүлмаржан МАХАМБЕТ: «Сән театрын ашсам деп едім»

Наурыздың 11-і күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында қалың көпшілікке еліміздің бас суретші-модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан МАХАМБЕТТІҢ «Ертеңім – елім» атты жеке шығармашылық есеп беру концерті болып өтті. Спектакль кейіпкерлерінің түрлі киім үлгісінен бөлек, күнделікті тұрмыста киіп жүруге болатын киімдердің сән үлгілері де таныстырылды. Біз осы кештен соң Гүлмаржан апайдан сұхбат алдық. 17 наурыз 2011, 18:13 11 028 рет қаралды
Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған» Мәдениет

Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған»

Наурыздың 5-і күні облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Рафаэль Слекеновтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның бояуы кеппеген 49 жұмысы ілінді. 9 наурыз 2011, 22:21 12 095 рет қаралды
Әншілік таланты бар Эльдар Мәдениет

Әншілік таланты бар Эльдар

Жаңа музыкалық «X-Factor» телешоуының қатысушысы, атыраулық жігіт Эльдар МЫРЗАХАНОВТЫҢ өз отбасын көрмегеніне бірнеше айдың жүзі болған. «Үй ішін қатты сағындым», - дейді ол кезекті іріктеу турының нәтижелері жарияланған соң. 3 наурыз 2011, 00:52 3 848 рет қаралды
Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды» Мәдениет

Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды»

Қазақ қыздарына қайран болған қайсар жігіттеріміз аруларын алақандарына сап аяласа, әлем де қаруланып, адамдар да қатігезденбес еді деп ойлаймыз, біз іштей қиялдарға беріліп... Аналарымызды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» деп айтуы  жәй емес қой. Сондай бір ұлттық болмысын сақтап, рухынан адаспаған белгілі өнер иесі, екі ұлдың анасы да әбден ерекше құрметке лайықты. Жаһандану жолында қаймағы бұзылмаған қалпында қалып отырған талантты әншілеріміздің бірі - бұрынғы «Жібек жолы» тобының мүшесі Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ. Жақында оның жеке концерті облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өткен болатын. Бізге әншімен сұхбаттасудың сәті түсті.  3 наурыз 2011, 01:05 12 987 рет қаралды
Арулардың құрметіне арналған көрме Мәдениет

Арулардың құрметіне арналған көрме

Ақпанның 22-сі күні «Ақжелкен» шығармашылық орталығында алғаш рет жергілікті арулардың көркемсурет және қолөнер көрмесі ашылды. Мұндай құрмет - әйел аналардың алдағы күнгі 8-наурыз мерекесіне орай өткізіліп отыр. 24 ақпан 2011, 00:00 9 411 рет қаралды
Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Мәдениет

Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді»

Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 10 244 рет қаралды
Сахна сыртындағы шебер Мәдениет

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 10 539 рет қаралды
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 690 рет қаралды
Домбыраның дүлдүлі Мәдениет

Домбыраның дүлдүлі

Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 12 306 рет қаралды
Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Мәдениет

Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін»

Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз.  17 ақпан 2011, 00:00 7 029 рет қаралды
«Махаббат кабаресі» қайталанбайды Мәдениет

«Махаббат кабаресі» қайталанбайды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің орыс халық театры барлық ғашықтар күнінің қарсаңында махаббат пен романтикаға толы нағыз мереке болады деп өз көрермендеріне уәде беріп отыр. Олар «Махаббат кабаресі» атты музыкалық шоу премьерасын дайындауда. «Махаббат кабаресінде» көрермендер алдында қандай махаббат көрініс табатындығы туралы шоудың қоюшы режиссері Павел СКЛЯРЕНКОМЕН әңгімелескен едік. 10 ақпан 2011, 00:00 4 857 рет қаралды
Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын» Мәдениет

Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын»

Халқымыздың маңдайына біткен қазақтың бұлбұлы Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ үздік шәкірттерінің бірі қазір Атырауда тұрып жатқанын бәрі бірдей біле бермейді. Ұстазы шәкіртіне үлкен үміт артып, оған өзінің орындауындағы «Бұлбұл» әнін 2007 жылы сеніп тапсырды. Содан бері ел аузында «Атыраудың бұлбұлы» атанған опера әншісі Маржан ТӨРЕХАНОВАНЫ жерлестері де іздеп тұратын болды. Біз жақында Маржан апаймен кездесіп, сұхбат алдық. 3 ақпан 2011, 00:00 7 238 рет қаралды
Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты Мәдениет

Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты

Қаңтардың 14-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау суретшілерінің көрмесі ашылды. Онда жалпы 12 суретшінің 40 жұмысы апарылды. Атыраудан өкіл болып барған қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев, қылқалам шеберлері Әділқайыр Жантасов пен Исім Арыстанов бұл көрмеге өздерінің және жергілікті суретшілердің жұмыстарын кеңірек таныстырып қайтқан болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 10 482 рет қаралды
Түрмедегі арулар Мәдениет

Түрмедегі арулар

Өткен аптада Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзеу мекемесінде тағы да мәдени шара өтті.  Бір қызығы ол ешқандай мереке немесе атаулы датаға негізделмеген. Жай ғана сотталғандардың моральдық рухын көтеру үшін. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 234 рет қаралды
Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады Мәдениет

Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады

Басқа‑басқа башаймен де күй тартатын Құралбек деген жігіт Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында тұрады дегенде елең еткенім бар. Күй десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма!? Құралбекті әдейі ат арытып іздеп бардым. 20 қаңтар 2011, 00:00 9 126 рет қаралды
Мәдениет

Кітапханада заң туралы жүйе бар

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 638 рет қаралды
Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын Мәдениет

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын

Атырау әншісі Әсел ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ әлемдік музыка Олимпін бағындыру жоспарында бар. Cоңғы жарты жыл ол  үшін текке өтпеді – ол өзінің алғашқы жеке альбомы үшін материал дайындап, тіс қақты Америка жұртшылығы алдына шығатын өз имиджімен жұмыс істеді. Мұның бәрін туысқандары мен жақындарынан жырақта – Америкада жүзеге асырған. Туған қаласына азғана уақытқа келген ол біздің оқырмандарымызбен өз жетістіктерін бөлісуге асықты.  19 қаңтар 2011, 00:00 4 333 рет қаралды