Атырау, 25 желтоқсан 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Тұңғышым» спектаклінің тұсауы кесілді

4 538 просмотра

Сәуірдің 12-сі күні облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында «Тұңғышым» атты комедиялық  спектаклдің премьерасы өтті. Қоюшы режиссері – Жанат Телтаев.

 «Тұңғышым» спектаклі драмматург Александр Вампиловтың 1965 жылы жазған шығармасы. Шығарманы қазақ тіліне аударған – жазушы Қалтай Мұхамеджанов.

Қойылым – бас кейіпкерлер Володя (актер Н.Съезхан) мен Сильва (актер Б.Зинуллин) атты екі жас жігіттің қалаға қарай жүретін пойыздан кешігіп қалуынан басталады. Көктем кеші. Әлі де салқындық сақталған күндердің бірінде жиырманы жаңа асырған қос студент жастық шақтың дәуреніне масайрап, қыз-қырқынға көз салған әдеттерін доғаруды әлі ерте деп ұғады. Қатып-тоңып тұрған олар келесі пойыздың таңғы сағат алтыда жүретінін еске түсіреді. Далада қонса, үсіп қалатынын біліп, жақын маңнан таң атқанша уақытша паналауға болатын үй іздейді. Кейін Сарафанов (актер М.Мырзаханов) деген кісінің үйіне бас сұғып, есік ашқан жас балаға жылына тұрсақ деп жалынады. Әлгі 18-ге жаңа толған бозбала Васенька (актер А.Мұхамажитов) оларға сенбей, лаң шығара бастағанда, қолына гитарасын құшақтаған Сильва аяқ астынан бірдеңе ойлап тауып, «Володя сенің ағаң, ол әкесін көріп кетуге келді» деп қойып қалады. Бұған кәміл сенген Васенька екеуін де қонақ етіп, арағы мен тамағын әкеліп, асты-үстіне түседі. Кейін Сарафановтың өзі үйге кіріп келгенде де, Володяның өзінің тұңғышы екенін естіп, есеңгіреп қалады. Бірақ, өзінің жиырма бір жыл бұрынғы өмірін еске түсіріп, жігіттік кезеңін көз алдына елестетеді. Сол кезде барып, өзінің ғашық болған қызынан туған бала екен деп сеніп қалады. Бар қызықтың көкесі осы сәттен басталады. Оқиғаның шиеленісуі деп осыны айт...

Спектакльдің әрі қарай қалай жалғасып, қалай аяқталатынын алдын-ала білгеннен гөрі, бір көрген артық.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

20 сәуір 2011, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.