Атырау, 25 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Үндістер Атырау жерінде

7 545 просмотра

Америкалық елшілік Қазақстанның батысында мәдени алмасу аясында үнділік «Buffalo Big Mountain» («Буйвол Алып тау»)  фольклорлық тобының шоуын ұйымдастырды. Шоуды тамашалау тегін болды.

Бұл шоуды біздің театр сахнасынан көргенімізден ерекше деп атауға болады. Ұлттық киімдерін киген солтүстік Американың байырғы тұрғындары дәстүрлі сахна төрінде өзгеше көрініс қойды. Мистер Буйвол АЛЫП ТАУ (шын есімі мен фамилиясы) – могавк тайпасының нағыз үндісі. Байырғы Америка тұрғынының мамандығы – геодезист, алайда салт-дәстүрлі билерді билеуге, өз ата-бабаларының мәдениеті туралы әңгімелеуге шақыра қалса, кез-келген уақытта өз кәсібін қуана тастай салады екен:

– Жүз жыл бұрын атам жылқы үйреткен және «Жабайы Батыс» шоуында Американың байырғы тұрғындарының дәстүрлі билерін орындаған адам болған. Әкем де еуропалықтарды американдық үндістердің мұраларымен таныстырған.

Алып Тау да бала кезінен бері би билейді екен: «Дәстүрлі би – бұл өз балаларыма жалғастырар мұрам. Бұл біздің мәдени мұрамыздың бір бөлшегі ғана емес, басқа халықты Американың байырғы тұрғындарының мәдениетімен таныстыру мүмкіндігі де».

Оның тәжірибесі мол екендігі сезіліп тұр. Тұлғалы жігіттің зор дауысы жұртшылықты еліткені сондай, қосыла билеген балақайлар сахнадан әзер кетті. Ал шеңбермен билеген салт-жоралғы биі кезінде соғылған ду шапалақ біршама уақытқа дейін тынбады. Шынымен де, кішкентай шеңберлерді ойнатқан мистер Буйволдың жиені ҚАР ЖЫЛАНЫНЫҢ өнері таң қаларлық. Ол диаметрі 60 см-ден аспайтын бірнеше шеңберлердің біртіндеп санын көбейтіп, олардан лып етіп өтіп, билей жөнелді. Би аяғына қарай шеңбер саны 19-ға жетті.

Дабылдардың ырғақты үнімен үндескен үндіс тайпаларының салт-жоралғы немесе жай ғана этникалық билерінің өзі әсерлі де көрнекі. Ал оны Баффалоның өзі мен оның әпкесі Тереза АҚ КӨГЕРШІН әңгімелеген америкалық үндістер мәдениетінің ерекшеліктері туралы шағын эсселер толықтырып отырды.

Баффалоның әкесі техастық команч болса да, ол өзін могавк деп есептейтіні мені таң қалдырды.

– Демек шығу тегі бойынша үндістердің иудейлермен көзқарастары ұқсас болғаны ғой?

– Бұл біздің тегімізге байланысты. Могавк тайпасында шығу тегі анасы жағынан өрбітіледі. Басқа тайпаларда басқаша.

Неліктен үндістер өз балаларына осындай ерекше есімдер қояды?

– Әкемнің есімі Кьёнтрай Гоуана Гуи, ол «Шойын тұлпар» деген мағынаны білдіреді. Анам – Гаджидженойа (Жабайы Гүл), ал атам – Биг Маунтин – Үлкен Тау. Есіміміздің екінші бөлігін ата-бабамыздың құрметіне солардың есімдерімен атаймыз. Есіміміздің бірінші бөлігін ата-анамыз болашаққа деген тілектері ретінде қояды: ер адамдарға «күшті, жігерлі» есімдер, әйелдерге әйел сұлулығын білдіретін есімдер қояды. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ал ақ нәсілділердің төлқұжатта жазылған дәстүрлі есімдері, мысалы, менің әпкемнің Тереза есімі біз үшін кейбір проблемаларды шешетін қосымша есім ғана.

Атыраудаэтникалық топ бір күн ғана болды. Концерт қойып, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ студенттерімен кездесіп, Орал қаласына жүріп кетті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттерді түсірген В. Истомин

19 мамыр 2011, 02:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.