Атырау, 23 желтоқсан 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Руслан БЕРДИМАТОВ: «Мен әлі-ақ әніммен таң қалдырамын»

3 308 просмотра

Таяу күндері қазақстандық «X-Factor» телешоуынан біздің жерлесіміз, «Атырау» Сауда орталығының маркетологы  Руслан Бердиматов «ұшып кетті». Руслан «АЖ» редакциясына біздің қаламыздың тұрғындарына алғысын білдіру үшін келіпті.

Белгілі болғандай, өткен сенбіде Бердиматов өнер көрсететін кезде қалада жарық жоспарлы ажыратылып, соның салдарынан атыраулықтардың көпшілігі Русланның өнерін тамашалай алмай, өздерінің sms дауыстарын басқа қатысушыға, жерлесіміз Эльдар Мырзахановқа берген. Телешоудың сүйіктісіне айналған Руслан залдың наразы болған гуілімен сахнаны тастап, бірінші рейспен үйіне оралуға мәжбүр болды.

Елді шулатқан осы хабардың сайтындағы ақпарат бойынша, арықша келген ширақ бозбала бірінші турда-ақ көрермендерге Джеймс Браунның «I feel good» әнін керемет орындауымен есте қалыпты. Әрі қарай Руслан өзін ерекше, ешкімге ұқсамайтын орындаушы ретінде көрсете білді. Алайда финалдық концерт ол үшін сәтсіз аяқталды. Ол Майкл Джексонның әдемі әрі әсерлі кейпіне түсіп, ән орындаған болатын. Ортақ пікір бойынша – ол әнді дұрыс таңдамапты.

«Ата-анам менің жобаға қатысып жүргенімді тек ол басталғаннан кейінгі бір жарым айдан соң ғана білді, - деп мойындайды Руслан. – Мен оларға финалға өткен күні телефон шалдым». Ал ол бізге редакцияға газет арқылы қала тұрғындарына: «Өз дауыстарыңызды Эльдар Мырзахановқа беруді ұмытпаңыздар» деп айтуға келіпті. «Жоба бойына біз екеуміз жұбымызды жазбадық. Осы уақыт ішінде нағыз достарға айналдық. Ол жеңімпаз бола ма, жоқ па, оған қарамастан болашақта Эльдар екеуміз дуэтпен ән айтып, жерлестерімізді таң қалдырмақпыз».

Ал жобаның аяқталуына аз ғана уақыт қалды. 21 мамырда жеңімпаздың - он миллион теңгенің және әлемге Луи Армстронг, Элвис Пресли, Майкл Джексон сынды жұлдыздарды танытқан аты аңызға айналған Sony Music дыбыс жазу компаниясымен жасалған келісім-шарттың иегерінің есімі белгілі болмақ.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 наурыз 2011, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.