Атырау, 25 желтоқсан 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атыраудың болашақ жұлдыздары

3 680 просмотра

«…Нынче в школе первый класс вроде институ-у-та…», –  өзінің құлаққабындағы осынау әннің ырғағымен Юля Ким (суретте) тербеліп қояды. Ішкі дыбыстардан оқшауланған дыбыс жазу студиясының бөлмесінен мен ашық бала дауысын естіп тұрмын. «Тоқта, тоқта. Юля, тағы да басынан бастап көрші, сен үлгермей қалдың, мұқият тыңда...».

Балалардың вокальдық «Фантазия» тобының дайындығында мен олар үшін ән салу бос уақыттарын өткізу емес, ән салуға маңызды жұмыс ретінде мән беретіндіктеріне таң қалдым. Олар өздерінің шығармашылық табыстарына қуанады және қателіктерін түзетуге  тырысады. «Менің балаларымның әрқайсысының өзіндік ерекше дауыстары бар, -дейді топтың жетекшісі Любовь ИВАНОВА. – Менің міндетім олардың таланттарын барлық қырынан ашу. Біздің дайындығымыз басталғаннан бері мен олардың әдемі дауыстары болғанымен сол дауыстарын дұрыс жеткізе алмайтындықтарын аңғардым. Ұялып тұрғандай баяу ғана ән салады. Бұл уақыт өте келе қалыптасады. Олар өздеріне сахнада ғана емес, өмірде де сенімді бола біледі. Олар тек ән салып қана қоймайды, әннің мазмұнын қимыл арқылы да бере алады. Жақсы дауысыңның болуы аз, көрерменмен арадағы байланысты жақсарту керек, жұртты өзіңе қарата білуің керек. Мен олардың бойындағы осы өзгерістерді көргенде көңілім тасып, жаныма жылылық ұялайды».

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің жанындағы «Фантазия» тобының құрылғанына біраз болды. Сол уақыттар ішінде көптеген балалар келді, кетті, әдетте, мұндайда көбі електен өтіп, іріктеліп шығады ғой. Сөйтіп, қалғандары топтың негізі болып қалады. Қазір топта он бір бала бар: Валерия Шильман, Марта Мағзом, Наргиз Санжанова, Даша Шабаева, Виктория Тен, Лианна Прузян, Мария Муралева, Әлия Төлеген, Гаухартас Сағитова, Юлия Ким және Әмір Айтқалиев. «Бізде тек бір ғана ер бала. Әмірді мен қалалық концерттердің бірінде көрдім,-деп еске алады Любовь. –Оның ән салғаны соншалық, менің жүрегім дір етті, сәл кейінірек мен оны тобымызға шақырдым. Біздің қыздарымыздың арасында жалғыз жігітіміз өзін керемет сезінеді». Олай болмағанда ше...

«Фантазия» тобының мүшелерінің әрқайсысының репертуарында бірнеше жеке айтатын әндері бар. «Кейбір жоғары топтағы әншілерімізге өздерінің жеке концерттерін берулеріне болады», - дейді мақтанышпен топ жетекшісі.

Қазір топ жазғы каникулға арналған жаңа концертке дайындалуда. Оның атауы да «Алақай, каникул!» деп аталады. 29 мамыр күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде болатын концерт бағдарламасында баршаға таныс балалық шақ әндері тарту етілмек:  «Песня первоклассника», «Пусть всегда будет солнце», «Если добрый ты» және көптеген басқа да әндер бар. 

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор және Л.Ивановадан алынды

19 мамыр 2011, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.