Атырау, 25 желтоқсан 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Гастрольдік сапар басталды

3 743 просмотра

Облыстың өнерпаздар ұжымы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған алғашқы гастрольдік сапарын Құрманғазы ауданынан бастап отыр. Облыстың мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізу шарасы - «Тәуелсіздік нұрландырған Атырау» деп аталды.

Сәуірдің 16-сы күні қаламыздағы мәдениет ошақтарының бір топ өнер өкілдері концерттік бағдарламамен аудандарды аралауға кірісті. Ең алдымен олар Құрманғазы ауданында болып қайтты. Атап айтсақ, бағдарламада облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Шаймардан Сариев атындағы музейдің дайындаған көрмелері мен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті, ауданаралық айтыс сайысы, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің концерті, Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрының «Бір түп алма ағашы» атты спектаклі орын алған болатын. Ал шараның соңы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының гала-концертіне ұласты.

Осы аталған өнер ұжымдары енді 23-сәуір күні Исатай ауданында, 14-мамыр күні Мақат ауданында, 21-мамыр күні Жылыой ауданында, 18-маусым күні Қызылқоға ауданында, 25-маусым күні Индер ауданында, 30-маусым күні Махамбет ауданыда болып қайтпақ.     

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

20 сәуір 2011, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.