Атырау, 2 қараша 19:24
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Әншілік таланты бар Эльдар

3 497 просмотра

Жаңа музыкалық «X-Factor» телешоуының қатысушысы, атыраулық жігіт Эльдар МЫРЗАХАНОВТЫҢ өз отбасын көрмегеніне бірнеше айдың жүзі болған. «Үй ішін қатты сағындым», - дейді ол кезекті іріктеу турының нәтижелері жарияланған соң.

Жаңа қазақстандық «X-Factor» жобасы танымал «Superstar.kz» шоуының көшірмесі. Тек бір айырмашылығы – оған барлық жас ерекшеліктеріндегі әншілер қатыса алады. Өткен жылдың 18 қазанында Атырау филармониясының ғимаратында жаңа шоуға қатысуға ниет білдірушілер қаптап кеткен болатын. Солардың ішінде 27 жастағы Эльдар да бар болатын. Қатаң әділ қазылардың алдында тұрған алғашқы минуттар оңай емес еді. Эльдар салмағын екі аяғына кезек түсіріп, қатты қысылған болатын. Сонысымен төрешілерді де күлдірген еді. Редакторларға да жаман болмады, бұл «шоудың қызықты сәттері» деген айдарға керемет сюжет болатын. Алайда Эльдардың әдемі дауысы естіліп, ән айта бастаған кезде, әзіл-қалжыңның бәрі сап тыйылды. Қарапайым жұмысшы, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаушы табан астында өзгеріп сала берді. Әрине, ауыздары ашылған қазылар оған «жоқ» деп айта алмады. Сәл кейінірек Мырзаханов алғаш рет микрофонды қолына ұстап, сахнаға шығып тұрғанын мойындады.

Содан бері қарай Эльдар үнемі астанада кезекті түсірілімде жүр. «Шаршағаны, ұйқысының қанбағаны, әрине, оған әсер етеді, бірақ бұл өзіне қатты ұнайды, - дейді жұбайы Мәрия МАГЕРАМОВА. – Үш баламыз бар, олардың әкелерін сағынып жүргені сөзсіз. Әсіресе, тоғыз айға жаңа ғана толған кішкентай Ариана қатты сағынады. Әр сенбі сайын сағат 17.50-де теледидар алдына отырып, жанұя басшысының өнерін тамашалаймыз».

«X-Factor» бағдарламасының сайтындағы ақпарат бойынша, 120 қатысушыдан бар болғаны 24 адам қалыпты. Біздің Эльдар әзірге  жеңімпазға уәде етілген он миллион теңге сыйлық үшін күресуде. Сәттілік тілейміз!

Анастасия ПАСТУХОВА

 

«ЖС»АНЫҚТАМАСЫ

«X-Factor» жобасының салтанатты шеруі Ұлыбританияда 2004 жылы басталған. Музыкалық шоу бірден жұртшылықтың ілтипатына бөленіп, 21-ші ғасырдың ең табысты тележобасына айналған. Бағдарламаның алтыншы маусымы 200 мың үміткерлер арасынан қатысушыларды таңдап, 19,7 миллион британдықтарды экран алдына жинады. Бүгінде «X-Factor» жобасымен дүние жүзінің жүзден аса мемлекетінің телекөрермендері таныс. Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылды.

3 наурыз 2011, 00:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.