Атырау, 23 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Үстемақы қосылған сәлемдеме

- Менің атыма пошталық сәлемдеме келген еді. Алайда пошташы бұл туралы хабарламаны маған сәлемдеме пошта бөлімшесіне келіп түскеннен кейін бір апта өткенде әкелді. Сәлемдемені алып кетуге келсем, поштада бір апта бойы жатқаны үшін ақы төлеуімді талап етті. Бұл жағдайда пошта қызметкерлерінің әрекеттері дұрыс па және пошта бөлімшелерінде сәлемдемелердің ақысыз сақталу мерзімі қандай? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 169 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Талонсыз тексеру

- ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа жылдан бастап Қазақстанда техникалық қадағалау қағазсыз болады деген болатын. Көлік иелері барлық процедуралардан өтіп, бұл туралы хабарламаны, сәйкесінше, органдар интернет арқылы алады делінген. Биыл қағаз талондар беріле ме? 9 қаңтар 2013, 18:54 1 858 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қауіпсіз байланыстар

- Мен көп жылдардан бері бір ұялы байланыс компаниясының телефон нөмірін қолданып жүрмін. Нөмір қазір жойылған фирманың атына тіркелген. Жақында мен осы компанияға кіріс, шығыс қоңырауларының және смс-хабарламалардың дерек-тізімін беруге өтініш білдірген едім, алайда олар нөмір менің атыма тіркелмегендігін негізге алып, беруден бас тартты. Компанияныкі дұрыс па? 9 қаңтар 2013, 18:55 1 964 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақырзаман

- Екі аптадан бері Атырау ықшам ауданында электр жарығы жанып-өшіп, тұрақтылық болмай тұр. Атырау-Жарықтың апатты бригадасы келіп жасайды, қосады, жарты сағаттан кейін қайта сөнеді. Газ қазандықтары электр қуатымен жұмыс жасайды, тоңып отырмыз, жылыту жүйесі қатып қала ма деп те қорқамыз. 9 қаңтар 2013, 18:57 2 564 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп бұзылды

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 2 091 рет қаралды
Белгілерге абай бол! Сұрақ-жауап

Белгілерге абай бол!

- Азаттық – Әліпов көшелері қиылысында «Атырау» шипажайынан шығарда «Жол беріңіз» белгісі тұр. Бұл егер менің маневрым басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмей, апатты жағдаяттар тудырмасам, бағдаршамның белгілеріне қарамастан қиылысқа шыға беруіме болады деген сөз. Алайда, мен шипажай жақтан қиылысқа шыққан жүргізушілердің бағдаршам белгілеріне қарайтынын байқап жүрмін. Кімдікі дұрыс? 9 қаңтар 2013, 18:59 2 665 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ыңғайсыз өткел

- Сәтпаев даңғылынан Владимир көшесіне бұрылыстан («Өнерпаздың» қасында) бірнеше метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бұл өте шиеленісті қиылыс. Қарбалас сағаттарда Сәтпаевтан Владимир көшесіне бұрылыста машиналар көп жиналып, жүргізушілер Сәтпаев даңғылынан тез өтіп кетуге тырысады және көшеден өтерде жүргіншілерді жіберіп, тағы тоқтауға тура келеді. Сәтпаевтан Ерғалиев көшесіне бұрылыста да жүргіншілерді жіберуден машиналар кептеліс жасайды. Осы жүргіншілер өткелін, кем дегенде, 5 метрге әрі көшіруге болмас па екен? 9 қаңтар 2013, 19:01 2 117 рет қаралды
Ажырасу тәртібі Сұрақ-жауап

Ажырасу тәртібі

– Ажырасуды ұйғарған едім, бірақ сотқа қалай арыз жазу керектігін білмеймін. Қандай құжаттар тіркеу керек? Алимент пен мүлікті бөлісуге басқа арыз беру керек пе? Сотта адвокаттарға жүгінуге кеңес берген еді, бірақ олардың қызметтерін төлейтін қаржым жоқ. 26 желтоқсан 2012, 16:59 79 302 рет қаралды
Негізгі көше қайсысы? Сұрақ-жауап

Негізгі көше қайсысы?

– Біршама уақыттан бері Балғымбаев – Жарбосынов қиылысында («Ренко» мейманханасының маңында) қозғалыс басымдығы өзгерді. Бұрын Жарбосынов көшесінен Балғымбаевқа бұрылатын машиналарда артықшылық бар болатын. Оларды мейманхана жақтан және SOS емханасы орналасқан тұйықтан шығатын көліктер өткізіп жіберетін. Енді артықшылық Балғымбаев көшесіне берілген. Бұл қиылыста қозғалыс көп емес. Ендеше өзгерісті енгізуге қандай қажеттілік болды екен деген сұрақ туындап отыр. 26 желтоқсан 2012, 17:02 2 130 рет қаралды
Барлығы бақшаға! Сұрақ-жауап

Барлығы бақшаға!

- Бірнеше жылдан бері мемлекеттік балабақшадан орын ала алмай келеміз, сондықтан да баламызды жекеменшік бақшаға апарып жүрміз. Балаларын жекеменшік бақшаға беріп жүрген ата-аналарға «Балапан» бағдарламасы бойынша өтемақы төленеді деп БАҚ беттерінен бірнеше рет оқыдым. Облыс әкімі соңғы бір сөзінде осы мәселені қозғап, өтемақылар 2013 жылдан бастап төленеді деп мәлімдеген болатын. Құжаттарды қайда тапсыру керек (ХҚО-ға ма әлде қалалық білім беру бөліміне ме)? Қандай құжаттар дайындау керек? Ақша қалай аударылады – арыз берушінің атына ма әлде балабақша шотына ма? Төлемақы төлеу мерзімі қандай? 19 желтоқсан 2012, 16:40 4 226 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңгерсіз шешу қиын

- Биыл ұлым институттың сырттай оқу бөліміне түскен. Біз оқу ақысының үштен бірін төледік, алайда отбасы жағдайына байланысты ол оқи алмады. Енді ол оқуын келесі жылдан бастамақ. Алайда, біз құжаттарын ала алмай отырмыз, 6 мың теңге төлеу керек дейді. Оған қоса оқу үшін төлеген ақшамызды қайтарудан бас тартып отыр. Бұл заңды ма? 19 желтоқсан 2012, 16:43 3 008 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құжатымды қалай алам?

- Мен тамыз айында Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың педагогика-психология факультетінің сырттай оқу бөліміне құжат тапсырған едім. Енді оларды қайтып алғым келеді. Оқу ақысын төлей алмаймын. Алайда маған қыркүйектен бері төленуге тиісті оқу ақысының бағасы көрсетілген түбіртек берді. Ал мен бірде-бір сабаққа қатысқаным жоқ және білім беру қызметтерін көрсету үлгісі туралы келісім-шартқа қол қойған жоқпын. 19 желтоқсан 2012, 16:44 2 057 рет қаралды
Еңбек демалысы, сақ бол! Сұрақ-жауап

Еңбек демалысы, сақ бол!

- Өткен жылы мен еңбек демалысын желтоқсан айында алған едім, ал биыл ертерек – тамызда алуды жөн көрдім. Алайда есеп бөлімі маған өткен еңбек демалысынан 12 ай уақыт өтпегенін негізге алып, сауықтыру ақысын толықтай төлеуден бас тартты. Тек жұмыс жасаған 8 айға есептеп, аударды. Есеп бөлімінің бұл әрекеті дұрыс па? 19 желтоқсан 2012, 16:46 12 495 рет қаралды
Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ Сұрақ-жауап

Конвекторларды қолдануға рұқсат жоқ

– Біз Балықшыдағы Байжігітов көшесі, 84-үй мекен-жайындағы көпқабатты үйде тұрамыз. Үйіміз жылытылмайды.  Әкімдіктегілер бұл жөнінен хабардар, бірақ ештеңе шешілмей отыр. Кейбір тұрғындар газ конвекторларын орнатуға тырысқан, алайда газшілер оларға рұқсат беруден бас тартып, бүкіл үйдегі газдың келуін тоқтатып тастады. Дегенмен, танымал ЖШС-лердің бірі 100 мың теңгеге газшілер мен ТЖ қызметкерлерінен рұқсат аламыз деп отыр. Сонда ақша төлеп, рұқсат алуға бола ма? 12 желтоқсан 2012, 19:23 2 133 рет қаралды
Асфальт келер жылы төселеді Сұрақ-жауап

Асфальт келер жылы төселеді

- Геолог поселкесінен Теңдік ауылына барар жолда орналасқан Строительный көшесінің көлік жолы 2012 жылы күрделі жөндеуге жатады деген тізімге енгізілген. Жыл аяғы болды, ал асфальт әлі күнге дейін жоқ. Жөндеу қашан жүреді? 12 желтоқсан 2012, 23:04 1 981 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дау туғызған табель

– Біздің ЖШС-де жұмыс уақытын есептеу табелін екі адам: учаске бастығы (прораб) мен шебер (директордың туысы) жүргізген еді. Нәтижесінде жалақы шебер жасаған табель бойынша есептелді. Онда сағаттар қиып тасталған болатын. Табельді кім жасауы тиіс? 12 желтоқсан 2012, 23:06 2 611 рет қаралды
Жалақысы туралы білуге құқылы Сұрақ-жауап

Жалақысы туралы білуге құқылы

– Мен кассир болып жұмыс жасайтын сауда мекемесінің әкімшілігі қызметкерлерге еңбекақыдан ұсталған  және қосылған үстемелер туралы ақпарат беруден бас тартады. Кәсіпорында қосарлама бухгалтерия бар ма деп күдіктенемін. Біз жұмыс берушіден еңбекақы туралы түсінік талап етуге құқылымыз ба? 5 желтоқсан 2012, 17:51 2 327 рет қаралды
Кешіктіру себеп емес Сұрақ-жауап

Кешіктіру себеп емес

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 376 рет қаралды
Ұлтын өзі таңдасын Сұрақ-жауап

Ұлтын өзі таңдасын

– Менің жұбайым - Молдавия азаматы. Мен Қазақстан азаматшасымын. Осыдан бірнеше ай бұрын өмірге баламыз келді. Туу туралы куәлікті рәсімдеу барысында «әкесінің ұлты» деген бағанға сызықша қойылған. АХАТ бөлімінің қызметкерлері мұны жұбайымның төлқұжатында оның ұлтының көрсетілмегендігімен түсіндірді. Оның ұлты шындығында молдаван, бірақ, Молдавия азаматтарының төлқұжаттарында тек азаматтықтары ғана жазылады, ал, «ұлты» деген баған болмайды. Біз енді не істеуіміз керек? Біз болашақта баламыздың ұлтын таңдау құқығы болғанын қалап едік. 5 желтоқсан 2012, 18:06 3 224 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атамның атын алсам деймін

– Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:47 2 319 рет қаралды
Университет жеңілдік жасайды Сұрақ-жауап

Университет жеңілдік жасайды

– Біз биыл АМУ-дің «аударма ісі» мамандығына (күндізгі бөлімге) оқуға түскен едік. Оқуға түскен кезде бізге оқудың жылына 345 мың теңге тұратынын айтты. Жақында ғана бізге қол қоюға ұсынған келісім-шартта 100 мыңға көп басқа сома көрсетілген. Деканаттағылар келісім-шартта көрсетілген сомаға назар аудармаған жөн екенін, ғылыми кеңес бұрынғы оқу құнын қалдыруды ұйғарғанын түсіндірді. Бірақ біз қауіптеніп отырмыз, өйткені келісім-шарт – ресми құжат қой. Шын мәнісінде төлем мөлшері қандай және келісім-шартта дұрыс сома неге көрсетілмеген? 28 қараша 2012, 16:14 1 831 рет қаралды
Тосын сый жасағыңыз келсе Сұрақ-жауап

Тосын сый жасағыңыз келсе

– Мүлік рәсімделетін адамның қатысынсыз сыйға тарту келісім-шартын рәсімдеуге бола ма? Бұл келісім-шартқа осы пәтерге тіркелген адамдардың келісімі керек пе? Әлде сыйға тарту шартын қожайынның өзі ғана рәсімдеуге құқығы бар ма? 28 қараша 2012, 16:16 7 677 рет қаралды
Жазбаша өтініш жазыңыз Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз

– Біз «Мұнайшы» бағбандық қоғамының маңында тұрамыз. Біздің қасымыздағы тас жолда көлік қозғалысы өте қарқынды. Теміржол көпіріне жақын жерде жолдан өту қауіпті. Біз осы маңдағы жаяу жүргінші өткеліне мұқтаж болып отырмыз. 28 қараша 2012, 16:18 2 406 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлікжай да, өтемақы да жоқ

– Бірнеше ай бұрын қалалық әкімдік қызметкерлері Дружба көшесі, 2 мекен-жайының ауласында орналасқан көлікжайлардың заңды құжаттарының көшірмелерін жинаған болатын. Қазір көлікжайларға кіретін жол жоқ, жерді қазып тастаған. Ол жерге коммуналдық тұрғын үй салып жатыр. Көлікжайлар үшін өтемақы қашан төленеді? 28 қараша 2012, 16:19 1 833 рет қаралды
Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады Сұрақ-жауап

Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады

– Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі? 28 қараша 2012, 16:21 1 923 рет қаралды
Бір жылға жалдауға болады Сұрақ-жауап

Бір жылға жалдауға болады

– Менің шағын жеке кәсіпкерлігім бар. Тендер бойынша жұмыс көлемін жеңіп алуыма байланысты жұмысшылар жалдауыма тура келді. Заңгерлер маған жұмысшыларды еңбек шарты бойынша жалдауыма болатындығын айтады, ондай жағдайда оның мерзімі  1 жылдан кем болмауы тиіс.  Дегенмен, мен  жұмыс көлемі бір жыл бойына үнемі болатындығына  және жұмысшыларды ұстап тұра алатындығыма  сенімді емеспін.  Сондықтан да менің не істегенім жөн? 21 қараша 2012, 18:47 2 273 рет қаралды
Мүгедектерге жұмыс бар Сұрақ-жауап

Мүгедектерге жұмыс бар

– Менің туысқаным ІІ топтағы мүгедектік алды және қазір жұмысқа орналаса алмай отыр. Өйткені, оның тобы жұмысқа жарамсыз. Мен ІІ топтағы мүгедекті жұмысқа ала алам ба? Мүгедектерді жұмысқа қабылдау барысында қандай да бір ерекшеліктер бар ма? 21 қараша 2012, 18:56 6 596 рет қаралды