Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Дау туғызған табель

2 452 просмотра

– Біздің ЖШС-де жұмыс уақытын есептеу табелін екі адам: учаске бастығы (прораб) мен шебер (директордың туысы) жүргізген еді. Нәтижесінде жалақы шебер жасаған табель бойынша есептелді. Онда сағаттар қиып тасталған болатын. Табельді кім жасауы тиіс?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің бөлім бастығы Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВ жауап берді:

– Табель жүргізу тізімдеушінің міндетіне кіреді, бірақ көптеген кәсіпорындардың штатында мұндай орын жоқ. Сондықтан бұл жұмысты қосымша ақыға әдетте шебер немесе прораб қоса атқарады. Еңбек Кодексінде табельді кім жүргізуі керектігі жазылмаған және оны тек бір жұмысшы жүргізуі керек деген шектеу қойылмаған. Алайда құжаттың түпнұсқасы біреу болуы тиіс. Егер еңбек уақытының және еңбекақының есептелуіне қатысты сіздің талабыңыз бар болса, біздің департаментке шағымдана аласыз.

12 желтоқсан 2012, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.