Атырау, 5 қазан 13:51
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жергілікті болғаны жөн

2 320 просмотра

– Мен өзім басқа қаладан келіп, Атырауға жұмысқа орналастым. Кадрлар бөлімі Атырауда тұрғылықты мекен-жайға тіркелуді талап етеді. Олардың талап етуі дұрыс па?  

Телефон арқылы

Сауалға заңгер  Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

- Кадрлар қызметінің Атырау қаласында тұрғылықты мекен-жайға тіркелуді талап етуі заңды. 2011 жылдың тамызында ҚР Әкімшілік кодексіне бірқатар түзетулер енгізілді, солардың бірінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша тұрмайтын азаматтарға қатысты ақшалай айыппұлдар қарастырылған. Әкімшілік жаза шарасы ҚР Әкімшілік кодексінің 377-бабында қарастырылған. Әкімшілік жазаға таныстары мен туысқандарының үйіне тіркелген, ал іс жүзінде онда тұрмайтын және сондай-ақ, өз үйіне тек тізімге ғана тіркетуге рұқсат бергендер де тартылады. Сондықтан да азаматтар тіркелген мекен-жайлары бойынша тұруға тиісті. Барлық азаматтардың тіркелу міндеттілігінің қажеттілігі жеке тұлғаның тіркелу мекен-жайы  оның заңды мекен-жайы болып табылатындығымен негізделеді және осы арқылы жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас жүзеге асырылады.

ҚР Әділет министрлігі  халықты құжаттандыру және тіркеу ережелерін бекітті, осыған сәйкес, тіркеу тұрғын үйлерге, пәтерлерге, саяжай құрылыстарына, бағбандық серіктестік және кооперативтер, жатақханалар мен қонақ үйлер, демалыс үйлері, шипажайлар, емдеу мекемелері, интернат үйлері, пансионаттар, қарттар үйі  және тіпті, қызметтік ғимараттар мен жайларда жүзеге асырылады. Сондай-ақ,  ҚР Еңбек кодексінің 147-бабы, 3-тармағына сәйкес, жергілікті тұрғын болып саналмайтын жеке тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы ақпаратты жұмыс беруші көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бір ай мерзім ішінде беруге тиісті. Жұмысқа қабылдану барысында қызметкер жұмыс берушіге оның тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті (ҚР ЕК 31-бабы, 8-тармағы).

5 желтоқсан 2012, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.