Атырау, 23 наурыз 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Университет жеңілдік жасайды

1 351 просмотра

– Біз биыл АМУ-дің «аударма ісі» мамандығына (күндізгі бөлімге) оқуға түскен едік. Оқуға түскен кезде бізге оқудың жылына 345 мың теңге тұратынын айтты. Жақында ғана бізге қол қоюға ұсынған келісім-шартта 100 мыңға көп басқа сома көрсетілген. Деканаттағылар келісім-шартта көрсетілген сомаға назар аудармаған жөн екенін, ғылыми кеңес бұрынғы оқу құнын қалдыруды ұйғарғанын түсіндірді. Бірақ біз қауіптеніп отырмыз, өйткені келісім-шарт – ресми құжат қой. Шын мәнісінде төлем мөлшері қандай және келісім-шартта дұрыс сома неге көрсетілмеген?

Телефон арқылы

Сұраққа АМУ-дің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Сайлау ҚАСАБЕКОВ жауап берді:

– Келісім-шарттың 3.1-тармағына сәйкес, тиісті мемлекеттік стандарт шеңберінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің төлем сомасы «білім беру» мамандығынан басқа барлық мамандықтар (соның ішінде «аударма ісі») бойынша 1-курс үшін 2012-2013 оқу жылына 345 мың теңге мөлшерінде белгіленген. Ал «білім беру» мамандығында оқитын топтар бойынша 2012 жылғы 18 мамырдағы үкімет қаулысымен төлем – 443 300 теңге боп бекітілген. Университет басшылығы халықтың төлем қабілеттілігін ескеріп, оқу төлемінің келісім-шартында көрсетілген сомадан 22,2 пайыз мөлшерінде жеңілдік жасауды қарастырды. Осылайша, келісім-шартта үкімет белгілеген сома көрсетілген.

28 қараша 2012, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.