- Мен тамыз айында Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың педагогика-психология факультетінің сырттай оқу бөліміне құжат тапсырған едім. Енді оларды қайтып алғым келеді. Оқу ақысын төлей алмаймын. Алайда маған қыркүйектен бері төленуге тиісті оқу ақысының бағасы көрсетілген түбіртек берді. Ал мен бірде-бір сабаққа қатысқаным жоқ және білім беру қызметтерін көрсету үлгісі туралы келісім-шартқа қол қойған жоқпын.
Телефон арқылы
Бұл сұраққа Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың қашықтықтан оқыту факультетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмысы бойынша декан орынбасары Рауза ҚАНАТБАЕВА жауап берді:
- Сырттай оқу бөлімінің студенттеріне өтетін сабақ мерзімінің уақыты қараша айының 26-шы жұлдызы мен желтоқсанның 15-і аралығын қамтиды. Ал ректордың студенттердің оқуға тапсырған құжатына шығаратын шешімінің мерзіміне байланысты келісім-шарттар алдын ала берілмеді. Кейіннен онда көрсетілгендей, қай бөлімде оқитын студент болмасын, сабаққа қатысқан немесе қатыспаған жағдайда қыркүйек айының басында оқу ақысының 30 пайызын төлеуге міндетті. Алайда оның оқу ақысын төлей алмауына байланысты бұл мәселе білім беру қызметтерін көрсету үлгісі туралы келісім-шартының «дауларды шешу тәртібі» деп аталатын 5-ші тармағы бойынша туындаған келіспеушіліктер мен дауларды тараптардың тікелей өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында шешіледі. Соған байланысты бұл студент сабақ басталған күннен бергі соманы, яғни 7 830 теңгені төлейді. Тиісінше, қажетті бөлімдерге қол қойдырып, құжатын алып кете алады.