Атырау, 5 қазан 15:39
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Заңгерсіз шешу қиын

2 780 просмотра

- Биыл ұлым институттың сырттай оқу бөліміне түскен. Біз оқу ақысының үштен бірін төледік, алайда отбасы жағдайына байланысты ол оқи алмады. Енді ол оқуын келесі жылдан бастамақ. Алайда, біз құжаттарын ала алмай отырмыз, 6 мың теңге төлеу керек дейді. Оған қоса оқу үшін төлеген ақшамызды қайтарудан бас тартып отыр. Бұл заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа заңгер Айнагүл ДАУЛЕТБАЕВА түсінік береді:

- Бұл жағдайда жоғары оқу орны мен білім беру қызметін тұтынушы студент арасындағы қарым-қатынасты ҚР Азаматтық Кодексі реттейді. Екі тараптың өзара жасасқан шартында оны бұзу туралы талаптар болу керек. ҚР АК-ның 635-бабы 1-тармағына сәйкес тапсырыс беруші (бұл жағдайда – студент) көрсетілген қызметке төленетін қызмет көрсету шартында белгіленген мерзім мен тәртіпте ақы төлеуі міндетті. Жеке заңдық кеңес алу үшін заңгерге немесе адвокатқа жолығуды ұсынамыз.

19 желтоқсан 2012, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.