Атырау, 25 сәуір 18:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қайырымдылық үлесі

1 975 просмотра

- I, II, III топтағы мүгедек жандарға сыйақы беріліп жатыр деп естідім. Құжатты күзден бері тапсырсақ та, сыйақы әлі түспей жатқанына алаңдап отырмыз. Неге кешіктіріліп жатыр екен?

Телефон арқылы

Бұл сұраққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Мереке ЖАҢБЫРБАЕВ жауап берді:

- 2012 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы әкімінің 2012 жылғы сәуірдегі № 107 «Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына, Фашистік лагерлердің тұтқындарына, Ауған соғысының ұрыс-қимылдарына қатысушыларына, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар және 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға, Чернобыль апаты зардабынан мүгедек болған тұлғаларға, Ауғанда қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне және I, II, III топтағы мүгедек азаматтарға (18 жастан жоғары) әлеуметтік көмек төленуде.

Құжаттарын толық тапсырған 3 922 мүгедек азаматтарға 5000 теңгеден келгенде, жалпы сомасы - 19 млн 610 мың теңге әлеуметтік көмегі «Қазпошта» АҚ арқылы төленді, сонымен қатар әлеуметтік көмектің төленетіндігі туралы жергілікті ақпарат құралдары біренеше рет материал жариялағанымен 1 644 мүгедек азаматтар құжаттарын тапсырмай отыр.

26 желтоқсан 2012, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.