Атырау, 4 қазан 16:59
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады

1 762 просмотра

– Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі?

azh.kz сайтынан алынды

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің мамандары төмендегіше кеңес береді:

– Шынымен де, жаңа ережелер бойынша ірі панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынды. Бірақ панельді үйлердің тұрғындарына кіріктірме ағаш шкафтары мен санитарлық тораптардың аралығын, сондай-ақ (Э147 мен 158С сериялы үйлерде) – асүйді лоджия мен аралықтан бөліп тұратын керамзит-бетонды панельдерді бұзуға рұқсат етілген. Егер салмақ түсетін құрылым мен вентиляция блогына нұқсан келмейтін болса, санитарлық тораптарды қайта жасауға рұқсат беріледі.

Пәтердің нақты жобасы техникалық төлқұжатқа сәйкес болмаса, ол мұндай жылжымайтын мүлікпен қандай да болмасын келісім жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан пәтер қожайындары өз пәтеріне жаңа төлқұжат алулары керек. Ол үшін қалалық сәулет бөліміне жобадағы өзгерістер (бұл жағдайда – санитарлық тораптардың бірігуі) көрсетілген тиісті өтініш жазса жеткілікті. Сәулет бөлімі айтылған өзгерістерді мақұлдағаннан кейін осы пәтердің техникалық төлқұжатын Жылжымайтын мүлік орталығына қайта тіркеу керек.

28 қараша 2012, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.