Атырау, 20 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Еңбек демалысы, сақ бол!

11 209 просмотра

- Өткен жылы мен еңбек демалысын желтоқсан айында алған едім, ал биыл ертерек – тамызда алуды жөн көрдім. Алайда есеп бөлімі маған өткен еңбек демалысынан 12 ай уақыт өтпегенін негізге алып, сауықтыру ақысын толықтай төлеуден бас тартты. Тек жұмыс жасаған 8 айға есептеп, аударды. Есеп бөлімінің бұл әрекеті дұрыс па?

Телефон арқылы

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Әліпқали ДАУЛЕТЬЯРОВ жауап берді:

- Бұл жағдайда сіздің кәсіпорныңыздың есепшілерінікі дұрыс емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы түсінік хатында сауықтыру ақысы жылына бір рет толық көлемде беріледі деп көрсетілген. Тіпті қызметкер еңбек демалысын толықтай емес, екі бөліп алса да, мысалы, екі апта мамыр айында демалып, ал қалған күндерін желтоқсанда алған жағдайда да, сауықтыру ақысы еңбек демалысына бірінші шыққан сәтінде толықтай беріледі. Сондай-ақ, бұл жағдайда қызметкердің еңбек демалысына қай мезгілде – басында ма, ортасында ма, соңында ма – шыққанына қарамастан сауықтыру ақысы толық төленеді. Тек бір ғана шарт – қызметкер бұл төлемді жылына бір рет қана ала алады.

19 желтоқсан 2012, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.