Атырау, 1 қаңтар 08:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Жалақысы туралы білуге құқылы

2 233 просмотра

– Мен кассир болып жұмыс жасайтын сауда мекемесінің әкімшілігі қызметкерлерге еңбекақыдан ұсталған  және қосылған үстемелер туралы ақпарат беруден бас тартады. Кәсіпорында қосарлама бухгалтерия бар ма деп күдіктенемін. Біз жұмыс берушіден еңбекақы туралы түсінік талап етуге құқылымыз ба?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ, төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті (ҚР Еңбек Кодексі 134-бабы). Бұл норма жұмыс берушіге бұл талаптарды меншік түріне, қызметкерлердің санына, қызмет түріне, заңды тұлға - жұмыс берушінің, оның ішінде ЖК қызметінің ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан міндеттейді. Кейбір ұйымдарда қызметкердің қолына есептеулер жөніндегі түбіртекті береді немесе пошта арқылы электронды хат жолдайды.

5 желтоқсан 2012, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.