Атырау, 26 сәуір 21:05
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Белгілерге абай бол!

2 353 просмотра

- Азаттық – Әліпов көшелері қиылысында «Атырау» шипажайынан шығарда «Жол беріңіз» белгісі тұр. Бұл егер менің маневрым басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмей, апатты жағдаяттар тудырмасам, бағдаршамның белгілеріне қарамастан қиылысқа шыға беруіме болады деген сөз. Алайда, мен шипажай жақтан қиылысқа шыққан жүргізушілердің бағдаршам белгілеріне қарайтынын байқап жүрмін. Кімдікі дұрыс?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ЖПБ-ның бастығы Мұхаметжан ОСПАНОВ жауап береді:

- Азаттық – Әліпов қиылысында («Атырау» шипажайы маңында) шипажай жағынан шығу бағдаршамның белгілеріне тәуелсіз жүзеге асырылады. Осы қиылыстан сіз қозғалысқа кедергі болмаған жағдайда, тек жол белгілері мен қауіпсіздік шараларын жетекшілікке ала отырып өте аласыз. Сәтпаев – Тайманов қиылысында №32 тұрғын үй аумағынан шығарда және Сәтпаев – Молдағұлова қиылысында «Анвар» дүкені жағынан шығарда да осындай ережелер сақталады.

9 қаңтар 2013, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.