Атырау, 10 желтоқсан 16:16
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Тосын сый жасағыңыз келсе

7 482 просмотра

– Мүлік рәсімделетін адамның қатысынсыз сыйға тарту келісім-шартын рәсімдеуге бола ма? Бұл келісім-шартқа осы пәтерге тіркелген адамдардың келісімі керек пе? Әлде сыйға тарту шартын қожайынның өзі ғана рәсімдеуге құқығы бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа нотариус Гүлнар МАСАТОВА жауап берді:

– Бұл екіжақты келісім, сондықтан тарту алатын тарап та міндетті түрде қатысуы тиіс. Егер пәтердің қосалқы қожайыны болмаса, қожайыны ешкімге хабардар етпей-ақ, мүлігіне жеке-дара билік ете алады. Егер пәтер кезінде жекешелендірілген болса және жекешелендіруге қатысқан оның қосалқы қожайындары бар болса, онда олардың келісімі міндетті. Мұндай жағдайда қожайын тек өзінің үлесін ғана тарту ете алады.

Егер сыйға бергіңіз келген адамға хабардар еткіңіз келмесе, өсиетхат қалдыруға болады. Адам мүліктің өсиетпен өзіне қалғанын сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін ғана білетін болады. Өсиет бір куәгердің қатысуымен рәсімделеді. Сондай-ақ, сыйға тарту секілді, егер сіз бірден-бір қожайын болсаңыз бүкіл пәтеріңізді, егер қосалқы қожайындар болса, тек өзіңіздің үлесіңізді ғана өсиет ете аласыз.

28 қараша 2012, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.