Атырау, 26 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үстемақы қосылған сәлемдеме

1 799 просмотра

- Менің атыма пошталық сәлемдеме келген еді. Алайда пошташы бұл туралы хабарламаны маған сәлемдеме пошта бөлімшесіне келіп түскеннен кейін бір апта өткенде әкелді. Сәлемдемені алып кетуге келсем, поштада бір апта бойы жатқаны үшін ақы төлеуімді талап етті. Бұл жағдайда пошта қызметкерлерінің әрекеттері дұрыс па және пошта бөлімшелерінде сәлемдемелердің ақысыз сақталу мерзімі қандай?

Телефон бойынша

Сұраққа «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы пошта бөлімінің бастығы Любовь НАЗАРУК жауапберді:

- Бұл жағдайда нақты бір нәрсе айту қиын. Оқырман түсініспеушілік болған пошта бөлімшесінің бастығына тікелей жолығып, қандай себептермен сәлемдемені алу кешіктірілгенін анықтау керек. Жалпы бізде сәлемдеме алушыларға хабар беру процедурасы мынадай: сәлемдеме пошта бөлімшесіне келген күні алушыға бірінші хабарлама жіберіледі. Бес күн өткеннен кейін алушы пошта бөлімшесіне келмесе, екінші хабарлама беріледі. Яғни, бірінші бес күн ішінде сәлемдеме тегін сақталады, ал екінші хабарлама жіберілгеннен кейін поштада сақтау ақылы болады – бір күнге 300 теңге.

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.