Атырау, 8 қыркүйек 04:19
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Көлікжай да, өтемақы да жоқ

1 675 просмотра

– Бірнеше ай бұрын қалалық әкімдік қызметкерлері Дружба көшесі, 2 мекен-жайының ауласында орналасқан көлікжайлардың заңды құжаттарының көшірмелерін жинаған болатын. Қазір көлікжайларға кіретін жол жоқ, жерді қазып тастаған. Ол жерге коммуналдық тұрғын үй салып жатыр. Көлікжайлар үшін өтемақы қашан төленеді?

Артур Бекалиев

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТЫҢ айтуынша, жылжымайтын мүлік үшін өтемақы төлеу «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының 63-бабының негізінде жүзеге асырылады. Қалалық әкімдік жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталғандығы туралы қаулы қабылдауы тиіс. Қазір осы қаулының жобасы жасақталуда. Өтемақыны төлеу туралы мәселе қаулы шыққаннан кейін қаралатын болады.

28 қараша 2012, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.