Атырау, 20 сәуір 12:01
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Емханаға барыңыз

2 533 просмотра

– №24 балабақшада 4 жастағы бүлдіршіндерге Манту екпесін қандай негізде салып жатыр? Балабақшадағылар маған мұны түсіндіре алмады.

Жамбыл

Сұраққа қалалық балалар емханасының меңгерушісі Раиса БАЙМҰХАНОВА жауап берді:

– Аумақ бойынша №24 балабақша №2 емханаға қарайды. Алайда балалар мекемесі ұжымындағы – балабақшалар мен мектептердегі барлық екпелерді біздің мамандарымыз салады. Нақты жауап беру үшін сәбидің фамилиясын білуім керек. Дені сау балаларға балабақшада Манту сынамасын салмайды, тек мектепте қайталап егу алдында 7 жаста ғана салады.

Жалпы біз ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі «Туберкулезбен күрес жөніндегі кейбір мәселелер туралы» №218 бұйрығын басшылыққа аламыз.

Манту сынамасына келер болсақ, ол 2 айлық жастан жоғары балаларға екпе салу және қайталап егу алдында, туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ, туберкулез сырқаты бойынша тәуекел тобындағы балаларға салынады. Бұл топта педиатрда түрлі сырқаттар бойынша диспансерлік есепте тұрған балалар, жиі ауыратын балалар, анемияға шалдыққан пациенттер және т.б., бұрын вакцина алмаған және вакцинадан кейін БЦЖ тыртығы дамымаған балалар, ұзақ жөтелмен (2 аптадан артық) және үдеп бара жатқан улану белгілерімен (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеттің және дене салмағының азаюы, ашушаңдық, әлсіздік және т.б.) амбулаториялық және стационарлық ем алып жатқан, гормоналды терапия алатын балалар, сондай-ақ, ата-аналары жұмыс жасамайтын, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан, маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққан, ВИЧ-жұқтырған, тұрақты мекен-жайы жоқ немесе мигранттардың, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары болуы мүмкін.

Бұл жағдайды анықтау үшін сәбидің ата-анасына Алмагүл ықшамауданындағы қалалық балалар емханасына барған жөн.

12 желтоқсан 2012, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.