Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Бір жылға жалдауға болады

2 112 просмотра

– Менің шағын жеке кәсіпкерлігім бар. Тендер бойынша жұмыс көлемін жеңіп алуыма байланысты жұмысшылар жалдауыма тура келді. Заңгерлер маған жұмысшыларды еңбек шарты бойынша жалдауыма болатындығын айтады, ондай жағдайда оның мерзімі  1 жылдан кем болмауы тиіс.  Дегенмен, мен  жұмыс көлемі бір жыл бойына үнемі болатындығына  және жұмысшыларды ұстап тұра алатындығыма  сенімді емеспін.  Сондықтан да менің не істегенім жөн?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– ҚР Еңбек кодексінің 29-бабына сәйкес, еңбек шартын (ЕШ) жасауға болатын 5 мерзім бар, оның ішінде жалпыға ортақ мерзім -  бір жылдан кем болмайтындай белгілі бір  мерзімге ЕШ жасау. Дегенмен, ҚР ЕК 242-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерімен ЕК 29 бабының 1-тармағы, 2-тармақшасында қарастырылғандай   шектеусіз белгілі бір мерзімге еңбек шартын жасай алады. Осылайша, кәсіпкер 1 жылдан кем емес мерзімге ЕШ жасауға құқылы. Оның ішінде ҚР ЕК 29-бабы, 1-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес белгілі бір жұмыстың орындалу уақыты қарастырылады. Бұл мерзім сіз, мәселен, кеңсенің жөндеу жұмысын жүзеге асыру үшін қызметкерлер штатына қабылдауға шешім алған кезде қолданылады.

21 қараша 2012, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.