Атырау, 19 сәуір 17:52
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Талонсыз тексеру

1 596 просмотра

- ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа жылдан бастап Қазақстанда техникалық қадағалау қағазсыз болады деген болатын. Көлік иелері барлық процедуралардан өтіп, бұл туралы хабарламаны, сәйкесінше, органдар интернет арқылы алады делінген. Биыл қағаз талондар беріле ме?

Телефон арқылы

Сұраққа«Каспий» Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық көлік бақылау инспекциясының бөлім бастығы Зұлқарнай МҰҚАШ жауап береді:

- Автокөліктерді техникалық қадағалау талондарын алып тастау туралы үкіметтің сәйкесінше қаулысы шыққан жоқ. Ол әзірленіп жатыр. Бұл жүйе қолданысқа ену үшін жол полициясы, салық қызметі және біз – көлік және коммуникация министрлігі бөлімдері бірге қолданатын ортақ бағдарлама енгізілуі тиіс. Өткен жылы әрекет еткен мораторийге сәйкес қолданыс мерзімі 7 жыл және одан  да көп жеңіл машиналарды техникалық қадағалаудан өткізу үкімет қаулысына сәйкес 6 айға ұзартылған болатын. 2012 жылдың мамырында техникалық қадағалаудан өтуі тиіс автокөліктер қарашада, маусымда өтуге тиістілері желтоқсанда өтті. Енді 2013 жылғы қаңтарда шілдедегілер, ақпанда тамыздағылар өтетін болады. Ал қыркүйекте өтетіндер 2013 жылдың наурызында жүзеге асырылады. Бұл шаралар техникалық қадағалау станцияларында кезекті болдырмау үшін қабылданған.

9 қаңтар 2013, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.