Атырау, 11 қыркүйек 04:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +23
$ 477.45
€ 527.10
₽ 5.24

Мүгедектерге жұмыс бар

6 103 просмотра

– Менің туысқаным ІІ топтағы мүгедектік алды және қазір жұмысқа орналаса алмай отыр. Өйткені, оның тобы жұмысқа жарамсыз. Мен ІІ топтағы мүгедекті жұмысқа ала алам ба? Мүгедектерді жұмысқа қабылдау барысында қандай да бір ерекшеліктер бар ма?

Телефон арқылы

Сауалға заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

– Сіз жұмысқа мүмкіндігі шектеулі кез-келген адамды оның мүгедектік тобына қарамастан қабылдай аласыз. Бірақ, ескеретін нақты бір жайттар бар. Мүгедектер жұмыс берушімен әдеттегі еңбек талаптарымен немесе мүгедектердің  еңбегін қолданатын мамандандырылған ұйымдармен еңбек шарттарын жасауға құқылы. Еңбек шартын жасаудан бас тарту,  мүгедекті  басқа жұмысқа ауыстыру, мүгедектігіне байланысты еңбек талаптарын өзгертуге жол берілмейді және тек медициналық қорытынды бойынша ғана оның денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірсе немесе оның денсаулығына және басқа бір тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларда мүмкін болады. І және ІІ топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы  аптасына 36 сағаттан артық болмайды. І және ІІ топтағы мүгедек қызметкерлер үшін күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы жеті сағаттан аспауы тиіс. Мүгедек-қызметкерлерді үстеме жұмыстарға, түнгі мезгілдегі, демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға және оларды іс-сапарға жіберуге олардың жазбаша түрдегі келісімімен және тек мұндай жұмыстар медициналық жағынан тыйым салынбаған жағдайда ғана құқылысыз. Жыл сайынғы еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес берілетін ақылы  еңбек демалысынан басқа І және ІІ топтағы мүгедектерге ұзақтығы он бес күнтізбелік күннен кем болмайтын қосымша демалыс беріледі.

21 қараша 2012, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.