- Мен көп жылдардан бері бір ұялы байланыс компаниясының телефон нөмірін қолданып жүрмін. Нөмір қазір жойылған фирманың атына тіркелген. Жақында мен осы компанияға кіріс, шығыс қоңырауларының және смс-хабарламалардың дерек-тізімін беруге өтініш білдірген едім, алайда олар нөмір менің атыма тіркелмегендігін негізге алып, беруден бас тартты. Компанияныкі дұрыс па?
Телефон арқылы
Сұраққа Адвокат кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЁВА түсінік береді:
- ҚР Конституциясының 18-бабында азаматтардың жеке өміріне, телефонмен сөйлесулеріне қол сұғуға болмайды делінген. Байланыс қызметтерін көрсетіп отырған компанияның абоненттері жүргізген сөйлесулер туралы мәліметтерді сұрау Конституция және заңмен қорғалған телефон арқылы сөйлесулер құпиясына қатысты және ол қатаң белгіленген тәртіпте ғана беріледі. Сондықтан да ұялы байланыс компаниясының сізге қажетті мәліметтерді беруден бас тартуы заңды тұрғыда дұрыс. Өйткені сіз қолданып жүрген нөмір ресми түрде сіздің атыңызға тіркелмеген, сондықтан да сіздікі болып саналмайды. Алайда, өзіңізге тіркелмеген телефон нөмірінің қоңырауларын нақтылау бойынша мәліметтерді заң белгілеген келесі жағдайларда: қылмыстық тексеру органдарының лауазымды тұлғасының шұғыл-іздестіру шараларын жүргізу барысындағы қаулысы бойынша және қылмыстық іске қатысты болған жағдайда тек өкілетті прокурордың санкциясымен немесе сот қаулысымен ғана ала аласыз.
Егер нөмір сіздің атыңызға тіркелген болса, телефон нөмірінің сізге тиесілігі анықталғаннан және жеке куәлігіңізді тексергеннен кейін сізге қоңырауларды нақтылау бойынша ақпараттарды беруге міндетті.