Атырау, 4 ақпан 20:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Оқиға

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады Оқиға

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады

Бүгін, 21 қаңтарда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке, оның орынбасары Роза Қабдоловаға, жеке кәсіпкер Н.Мәжитоваға, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері Г.Қабекеновке, К.Иманғазиеваға, К.Жамиловаға және Б.Забеновке қатысты сот процесі жалғасты. Процесске судья Жұмағали ТАШИМОВ төрағалық етті. 21 қаңтар 2020, 17:43 5 106 рет қаралды
Атырауда жылу желісінің жанында табылған нәрестенің анасы ұсталды Оқиға

Атырауда жылу желісінің жанында табылған нәрестенің анасы ұсталды

Атырауда жылу желісінің маңына қалдырып кеткен жаңа туған нәрестенің анасы ұсталды. Ол 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Қазіргі мәлімет бойынша, ол жүктілігін жасыру үшін Атырауға арнайы келген. 18 қаңтар 2020, 09:22 5 100 рет қаралды
​«Сұлулық пен алаяқтық»: Атырауда «EcoClinic» ЖШС басшылары сотталып жатыр Оқиға

​«Сұлулық пен алаяқтық»: Атырауда «EcoClinic» ЖШС басшылары сотталып жатыр

№2 Атырау қалалық сотында «EcoClinic» ЖШС-нің екі басшысы үстінен қылмыстық іс көтеріліп, сот процесі жүріп жатыр. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша оларға 73 клиентті 16 миллион теңгеге алдағаны үшін айып тағылып отыр. 18 қаңтар 2020, 09:48 4 636 рет қаралды
Атырауда табылған нәрестенің аты мен тегін емдеуші дәрігер қойды Оқиға

Атырауда табылған нәрестенің аты мен тегін емдеуші дәрігер қойды

Атырау полициясы жылу желісі бойына жаңа туған нәрестесін қалдырып кеткен көкек ананы әлі де іздестіруде. Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қыз бала қатты тоңып қалған, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 17 қаңтар 2020, 17:09 3 455 рет қаралды
​Қырылған балыққа қатысты іс бойынша сотталғандар үкімге шағымданды Оқиға

​Қырылған балыққа қатысты іс бойынша сотталғандар үкімге шағымданды

Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсанда қызметін тоқтатқан «Атырау Су Арнасы» КМК-ның бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту қондырғыларының бастығы Михаил ЧУРСИН 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын  алған болатын. 15 қаңтар 2020, 14:53 2 947 рет қаралды
Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды Оқиға

Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

9 қаңтарда таңғы сағат  05.40 шамасында  Атырауда екі ер адам С. Датов көшесінде орналасқан жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгені алып кеткен. Бейнежазба 13 қаңтар 2020, 15:52 4 386 рет қаралды
Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер Оқиға

Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер

Атырау қаласының №2 сотында «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Жергілікті тұрғын адамдарға жаңа элиталық «Zaman» тұрғын үй кешенінен арзан пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алысымен хабарсыз кететін болған.   13 қаңтар 2020, 17:25 3 406 рет қаралды
Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды Оқиға

Атырауда батарейка жұтқан сәби қайтыс болды

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды. Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Аурухана сәбидің өлімін растап отыр. 9 қаңтар 2020, 15:39 5 441 рет қаралды
Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды

Атырау қалалық №2 сотында өткен жылы 21 қыркүйекте Баймұханов көшесінде жасөспірім баланы қағып өлтірген "Toyota Camry-50" көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі басталды. 6 қаңтар 2020, 15:27 3 882 рет қаралды
Атырау полицейлері педофилды Ресейден іздеді Оқиға

Атырау полицейлері педофилды Ресейден іздеді

Әлеуметтік желіге кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен РФ азаматына бағдарлау хабарлама түсті. Аудиожазбада Саратовтан келген Сергей Корнилов есімді біреу Ресейде 20 баланы зорлап үлгерлен, қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат айтылады. Аудиожазбаға күдіктінің суреті және ол туралы қысқаша деректер қоса беріледі. 30 желтоқсан 2019, 17:19 3 041 рет қаралды
Елу томға жиналған пара мен бюджет қаражатын жымқыру Оқиға

Елу томға жиналған пара мен бюджет қаражатын жымқыру

№2 Атырау қалалық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас бухгалтері Назымгүл МАЖИТОВАҒА және тағы бірнеше білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты сот процесі жалғасуда. Әңгіме төркіні негізінен пара және «бөтен мүлікті иелену», яғни бюджет қаражатын ұрлау туралы болып отыр.   29 желтоқсан 2019, 17:21 4 558 рет қаралды
​Атырау браконьерлерінің «рекордтары» ұсақталып барады Оқиға

​Атырау браконьерлерінің «рекордтары» ұсақталып барады

Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері Каспий теңізінде браконьерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бірнеше мүшесін ұстады. Олардың барлығы Атыраудың тұрғындары.  Әрекеттері қарапайым – бекіре тұқымдас балықтарды аулап, қара базарда сатқан. 14 желтоқсан 2019, 12:23 4 081 рет қаралды
15 жылдан кейін ашылған қылмыс Оқиға

15 жылдан кейін ашылған қылмыс

Көп кездеспейтін жағдай: полиция ұзақ жыл бұрын жасалған қылмыстық істі ашты. 2004 жылдың жазында Құлсары қаласындағы ауруханаға пышақталып, ауыр дене жарақатын алған ер адам түсті. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді. Ал қылмыс жасаған адам көзден таса болып, бұл қылмыс із кесушілер тілімен айтсақ, «висяктардың» қатарына ілінді. 10 желтоқсан 2019, 00:47 6 449 рет қаралды
Қытайлар заңсыз келген отандастары үшін айына 200 мың теңге төлеп тұрғысы келген Оқиға

Қытайлар заңсыз келген отандастары үшін айына 200 мың теңге төлеп тұрғысы келген

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің офицерлеріне пара беруге тырысқан ҚХР азаматтары тергеу изоляторына қамалды. «АЖ»-ға 44 және 49 жастағы қытай азаматтарына Қылмыстық кодекстің «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру» деп аталатын 376-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылғаны белгілі болды. 4 желтоқсан 2019, 10:40 5 218 рет қаралды
Атырау қонағының пәтерінен көп мөлшерде қарасора табылды Оқиға

Атырау қонағының пәтерінен көп мөлшерде қарасора табылды

Атырауда полицейлер 36 жастағы Өзбекстан азаматының уақытша тұратын пәтерін тексеру барысында 1,5 келі кептірілген қарасора тапты. Шетелдік абақтыға қамалып, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі («Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз пайдалану») бойынша қылмыстық іс көтерілді. 1 желтоқсан 2019, 20:40 4 349 рет қаралды
Мотоцикл арбасынан қызыл балық табылды Оқиға

Мотоцикл арбасынан қызыл балық табылды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 3 қарашаға қараған түні қала маңындағы Дамбы ауылында полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы мотоцикл жүргізушісін ұстады. Мотоцикл арбасында 54 келі қызыл балық болған. 16 қараша 2019, 15:44 4 212 рет қаралды
Жалған құжатты көліктер Атырауға жете алмады Оқиға

Жалған құжатты көліктер Атырауға жете алмады

Ресей-Қазақстан шекарасындағы «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылар біздің өңірге бет алған бес шетелдік көлікті тоқтатты. Олардың тіркеу құжаттары жалған болып шықты. 15 қараша 2019, 11:19 4 830 рет қаралды
Коллаборация: мыңдаған қытай азаматы Қазақстанға қалай келген Оқиға

Коллаборация: мыңдаған қытай азаматы Қазақстанға қалай келген

Атырау қалалық №2 сотында Қытай азаматтарының ҚР аумағына кіру құжаттарын заңсыз рәсімдеумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ (ТҚТ) мүшелеріне қатысты үкім шығарылды. Тергеу барысында олардың 2 мыңнан астам қытайлықтың құжаттарын жасағаны анықталды. Соңғы кездері Қазақстанда күшейіп келе жатқан қытайфобиялық көңіл-күй тұрғысынан қарасақ, сотталушылар салыстырмалы түрде жеңіл жаза алған. 15 қараша 2019, 12:39 6 883 рет қаралды
Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды Оқиға

Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды

3 қарашада кешке полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Баймұханова көшесінде 32 жастағы Исатай ауданы тұрғыны  жүргізген «Lada Granta» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен жалпы салмағы 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтары табылды. Бейнежазба 8 қараша 2019, 15:03 4 050 рет қаралды
Өз көлігімен жүргіншіні басып өлтірген полиция оқиға орнынан қашып кеткен Оқиға

Өз көлігімен жүргіншіні басып өлтірген полиция оқиға орнынан қашып кеткен

13 қазанда сағат 04.35 шамасында Исатай ауданы Зинеден ауылында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Айболат ЖҰМАШЕВ «Ауди-А6» көлігімен адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Ал зардап шеккен 25 жастағы жүргінші сол жерде қаза болды. 17 қазан 2019, 13:22 5 130 рет қаралды
Перзентхана дәрігерлері ақталып шықты Оқиға

Перзентхана дәрігерлері ақталып шықты

Атырауда №2 қалалық сотта ҚР ҚК 317-бабының 3-тармағы («Адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша айыпталған облыстық перинаталды орталықтың үш дәрігері мен №2 емхананың дәрігеріне ақтау үкімі шығарылды. 2 қазан 2019, 12:18 4 875 рет қаралды
Браконьерлер қайтадан қамалды Оқиға

Браконьерлер қайтадан қамалды

Атырау облыстық прокуратурасы 5 қыркүйекте теңізде 264 кг бекіре тұқымдас балықпен ұсталған браконьерлерді қайтадан қамауға алуға қол жеткізді.  Бұған дейін тергеу соты бұларды қамақта ұстауға санкция беруден бас тартып, ұсталған екі азаматты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатып жіберді. Ол кезде олардың тұрақты тіркеуде тұрғаны және олардың асырауында жас балалары мен егде жастағы ата-аналары болғаны назарға алынған еді.   20 қыркүйек 2019, 15:43 3 804 рет қаралды
Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген Оқиға

Ерлі-зайыптылар өмірі: екі рет зорлап, сосын өлтірген

«Әйелін зорлады деген не сандырақ?» - деп ойлап, мүмкін Атырау полицейлері мен прокурорлары қызымның күйеуіне шағымданған арызына мән бермеген шығар. Ал үш айдан кейін күйеуі оны айуандықпен зорлап, содан кейін өлтіріп тастады. Егер құқыққорғау органдары өз жұмыстарын дұрыс жасағанда, қызым тірі жүрер ме еді!» - дейді көз жанары жасқа толған Атырау облысының тұрғыны Надежда АНТОХИНА. 6 қыркүйек 2019, 11:30 7 998 рет қаралды
Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды Оқиға

Браконьерлер 264 келі бекіремен ұсталды

5 қыркүйекте күндіз Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде (қала маңындағы Дамба ауылы жағында) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері екі Атырау тұрғыны мінген аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын ұстады. Қайықты тексеру барысында жалпы салмағы 264 кг болатын 92 бекіре тұқымдас балық еті, жалпы салмағы 34 кг 39 бекіре тұқымдас балық басы және жалпы салмағы 22 кг болатын 2 сазан, сондай-ақ, ұзындығы 300 метрге жуық торлар мен «Гармин» спутниктік навигаторы табылып, тәркіленіп алынды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 6 қыркүйек 2019, 11:43 8 651 рет қаралды
Аңшы мылтығын көліктің жүксалғышында қалдырған Оқиға

Аңшы мылтығын көліктің жүксалғышында қалдырған

26 тамызға қараған түні «102» операторының пультіне қырағы қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті.  Ол «Премьер-сити» тұрғын үй кешенінің ауласында жүксалғышында қару-жарақтар салынған қара көліктің тұрғанын хабарлады. 27 тамыз 2019, 10:09 4 422 рет қаралды
Мұнай алыпсатарына үкім шықты Оқиға

Мұнай алыпсатарына үкім шықты

Биылғы 17 шілдеде Жылыой аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабына (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) сәйкес 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 27 тамыз 2019, 10:23 4 543 рет қаралды