Атырау, 23 қараша 20:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайлар заңсыз келген отандастары үшін айына 200 мың теңге төлеп тұрғысы келген

4 960 просмотра


ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің офицерлеріне пара беруге тырысқан ҚХР азаматтары тергеу изоляторына қамалды. «АЖ»-ға 44 және 49 жастағы қытай азаматтарына Қылмыстық кодекстің «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру» деп аталатын 376-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

ҰҚК бұдан бұрын хабарлағандай, қытайлар отандастарына Атырауда заңсыз жүргені үшін параның көмегімен жазадан құтылуға көмектескісі келген. Олар бұдан әрі Қытай азаматтарына жалпы қамқорлық жасау үшін айына 200 мың теңге төлеп тұруға әзір болған. Енді тергелушілер мойындау жауаптарын берді.  

Бұдан басқа, арнайы қызметтегі «АЖ» дереккөздерінің хабарлауынша, қарашада Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері ПД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерін пара алу кезінде ұстаған. Құқыққорғау органдары әзірге бұл туралы түсінік берген жоқ. Алайда бұл Қытай азаматтарының Қазақстанда заңсыз жүруін ұйымдастыру туралы атышулы істің жалғасы болуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Қытай азаматтарын Қазақстанға заңсыз әкелумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың үш мүшесі түрлі мерзімге сотталған еді.

Қытайлық қылмыстық топтың екі қатысушысы мен Қазақстанның бір азаматына халықаралық іздеу жарияланды, тағы екі адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

4 желтоқсан 2019, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.